Байланысқа арналған телефондар:
» » Биыл Шымкент қаласын ауызсу жүйесімен қамту көрсеткіші 100 пайызға жетеді.

Биыл Шымкент қаласын ауызсу жүйесімен қамту көрсеткіші 100 пайызға жетеді.

13 Желтоқсан 2024, Жұма
1 634
0
 Биыл Шымкент қаласының ауызсу жүйесімен қамту көрсеткіші 100 пайызға жетеді.
2024 жылы Құрсай, Сайрам тұрғын алабы аумақтарын ауыз су жүйесінің құрылыс жұмыстарын аяқтап, ауыз су жүйесімен 100%-ға қамтамасыз ету жоспарлануда.

Азат Қайнарұлының сөзінше, қазіргі таңда, 81 шағын ауданның 25-і кәріз жүйесімен қамтамасыз етілсе, 56 шағын аудан қамтылмаған. 2023 жылы 9 нысанның құрылыс жұмыстарына 8,6 млрд. теңге бөлініп, оның ішінде 2 магистралды кәріз коллекторының (Тұраннан КОС-қа дейінгі магистрал, Шымсити коллектор), 7 ішкі орамдық жүйенің (Мирас- Шапағат-2, Тассай, Тұран ішкі жүйе, Қайтпас-2, Нұртас, 112 орам, Бозарық 74 га) құрылыс жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде қамту көрсеткіші 60%-дан 65%-ға өскен. 2024 жылы 2 магистралды кәріз коллекторының (Тұраннан КОС-қа дейінгі магистрал, Шымсити коллектор) және 6 ішкі орамдық жүйенің (Мирас-Шапағат-2, Нұртас, Тұран, Айқап, Қайтпас-1, Солтүстік-Батыс) құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. 2024 жылы қаламызда 81 елді-мекеннің 79-ы сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілсе, 2 елді мекен кестемен (Құрсай, Сайрам,) қамтамасыз етілуде. 2023 жылы 6 нысанның (Құрсай 1,2-кезек, Қайнарбұлақ, Сайрам 1,2 және 3-кезек, Еңбекші ауданы жаңа құрылыс) құрылыс жұмыстарына 9,5 млрд.теңге бөлініп, жыл қорытындысымен Қайнарбұлақ тұрғын алабы және Еңбекші ауданы бойынша 7 елді мекеннің жаңа құрылыс аумақтарында ауыз су жүйесінің құрылысы аяқталды. Осыған орай, елді мекендерді ауыз сумен қамту деңгейі 98,5%-дан 99%-ға өсті. Сонымен қатар, 2024 жылы Құрсай, Сайрам тұрғын алабы аумақтарын ауыз су жүйесінің құрылыс жұмыстарын аяқтап, ауыз су жүйесімен 100%-ға қамтамасыз ету жоспарлануда.

2022-23 жылдар аралығында тағы 3 магистраль мен 3 ірі елді мекенге су жүйелері жүргізіледі. Шымкент қаласы бойынша ауыз су мәселесі 2023 жылы толықтай шешіледі. «Жер бетіндегі әр түрлі мақсаттарға пайдаланылатын тұщы судың қоры қаншама мол болғанымен, жалпы есеппен алғанда, ішуге жарамды су табиғатта аз. Әлемдегі су ресурсын адамзат баласы қалай пайдаланса да аздық етпейді, бұл жердегі проблема – ағзаға зиянын тигізбейтін таза суда, ішетін ауыз суда болып тұр. Мәселе – тұщы судың мол қорында емес, оның химиялық құрамы қандай элементтерден тұратындығында. Судың адамға қажеттілігін ауамен салыстыруға болады. Таза су ішпеген адамнан дені сау ұрпақ тарамайды. Сусыз ас болмайды, сусыз күн көру мүмкін емес, оны бәріміз білеміз. Адамзатқа алдағы бес-он жылдың ішінде бір амалын таппаса, судың сұрауы қымбатқа түсейін деп тұр. Ішуге жарамды таза су жер қойнауынан шығатын басқа да пайдалы қазбалар сияқты бағалы және шектеулі ресурс, оны жөнсіз ысырап қылмай, жүйелі түрде пайдаланған дұрыс. Жер асты су қорын “нәзік ресурс” деп айтуға болады. Олай дейтінім, қазіргі техниканың, ғылымның өркендеген заманында таза суды оңай құртып немесе бүлдіріп алуға болады. Қазіргі кезде қоршаған ортаға, соның ішінде жер асты суының бүлінуіне, құрып кетуіне табиғи және техногендік процестер зор ықпал етеді.
Су құбырларының ескіруі, су тапшылығы және су сапасының әртүрлілігі сияқты мәселелерді шешу үшін жаңа жобалар мен инновациялық шешімдер енгізілуде. Сонымен қатар, экологиялық шаралар мен су үнемдеу технологиялары да су ресурстарын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Бүгінде Сайрам елді мекенін ауызсумен қамту бойынша құрылыстың 3-ші кезеңі бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде. Сонымен қатар, Қайнарбұлақ пен Құрсай елді мекендерінде ауызсу тарту жұмыстары жүріп жатыр. Ал, Еңбекші ауданына қарасты 9 елді мекеннің жаңа құрылыс аймақтарына ауыз су құбыры жүргізілмек. Айта кетейік, атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 72 мыңнан астам шымкенттік орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылу мүмкіндігіне ие болады. Бұл Шымкенттегі ауыз сумен қамтамасыз ету көрсеткішін 98,5 пайыздан жыл соңына дейін 100 пайызға жеткізу көзделіп отыр.
Бүгінде Еңбекші ауданының аумағы 22800 гектар құрап, халық саны 228 830  болды. 18 тұрғын алап және 11 шағын ауданнан тұратын аудан аумағында 728 көше мен өткелдер орналасқан. 

Нақтыласақ, 2022 жылы ауыз сумен қамтылу көрсеткіші 94,5% құраған. Қалаға қосылаған 7 елді мекеннің құрылысы аяқталу жоспарлануда. Жаңа құрылыс аймақтарын ауыз сумен  қамту бойынша құрылыс жұмыстарын « Сарыағаш-Аман» ЖШС-і жүргізді. Сондай-ақ, 2023 жылы аудан аумағына жаңадан қосылған « Исфиджаб» тұрғын алабын сапалы ауыз сумен қамту мақсатында қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алі нәтижесінде « Мелиоратор» ЖШС-і мердігер мекеме болып анықталып, қүрылыс жұмыстары жүргізілді. 2023 жылдың қорытындысымен халық шоғырланған аумақтар толық ауыз сумен қамтылды. Қазіргі таңда, ауданда ауыз сумен қамту көрсеткіші 97%-ды құрайды. 2024 жылы Жастар көшесі мен «Қазығұрт» станция аумағындағы 102 абонентті және Оңтүстік-Жаңақұрылыстағы 989 абонентті сапалы ауыз сумен қамту мақсатында «Строительная группа «Архитектор» ЖШС тарапынан жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде.

Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы 

Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать

0