БИЗНЕС СЕКТОРДА ӨНІМ КӨЛЕМІ АРТТЫ
Қалада кәсіпкерлік қарқынды дамып келеді. Мегаполисте шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 50 пайыздан асты.
Биылғы 7 айдың қорытындысы бойынша Шымкентте тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 129 600-ге жеткен. Оның ішінде 20 800-і заңды тұлғалар болса, 102 900-і жеке тұлғалар. Ал, қалған 5 800-і – шаруа қожалықтары. Бұл көрсеткіштер өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 42,4 пайызға артып, 129,6 мыңға жетіп отыр.
Кәсіпкерлердің саны ғана емес, бұл секторда жұмыс істейтін адамдар мен өндірілген өнім көлемі де артып келеді. Шағын және орта бизнес секторында 213 мың 700 адам жұмыспен қамтылған. Бұл көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 18,8 пайызға артып отыр.
Осы секторда өндірілген өнім мен көрсетілген қызметтердің жиынтық құны 517 млрд 800 млн теңгені құрады. Бұл көрсеткіш былтырғы жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 36,9 пайызға жоғары болып отыр.
Айта кетейік, қаңтар-наурыз айлары аралығында шағын және орта кәсіпкерлік секторының жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 50,3 пайызды құраған.
Бизнес секторда өнім көлемінің артып кетуі экономикалық жағдайды жетілдіреді. Инвестициялар, инновациялар мен маркетингті жетілдіруге бизнесге көмек көрсету арқылы компаниялары өнімділігін арттыруда. Саяси ресурстарды қолдану мен өндіру процесін жаттай жетілдіру, жобаларды жылжыту жаттығушы құралдар арқылы көмек көрсету мен технологияларды сақтау - барлық бұрыннан билетініп келген бизнесді өнімділікті арттыруда пайдалы болады. Өнімділікке негізделген бизнес секторы экономикалық жетілдірудің бастама маңызды элементі болып табылады.
Ақпарат көзі: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Тілші: Шер-Али Шеримбетов Симкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Обсудить
Другие статьи:
ЖАҢА АВТОВОКЗАЛ ЖҰМЫСЫ
19 Қараша 2024, Сейсенбі
ЖЫЛУЭЛЕКТРОРТАЛЫҒЫ ҚҰРЫЛЫСЫ (ТЭЦ)
19 Қараша 2024, Сейсенбі
«АНАҒА ТАҒЗЫМ» ОРТАЛЫҒЫ
19 Қараша 2024, Сейсенбі
Похожие материалы:
11 Қазан 2023, Сәрсенбі
Шымкент: кілем және кілем бұйымдарын шығаратын фабрика ішкі нарықты толықтай қамтып отыр
Комментарии (0)