Байланысқа арналған телефондар:
» » Биылдан бастап инвестициялар тарту бойынша жұмыс тиімділігін арттыру мақсатында «Инвест Шымкент» фронт-офисі белсенді жұмыс істеп, қала аумағында инвесторларды «бір терезе» кағидаты бойынша сүйемелдеу қызметін көрсетуде.

Биылдан бастап инвестициялар тарту бойынша жұмыс тиімділігін арттыру мақсатында «Инвест Шымкент» фронт-офисі белсенді жұмыс істеп, қала аумағында инвесторларды «бір терезе» кағидаты бойынша сүйемелдеу қызметін көрсетуде.

13 Желтоқсан 2024, Жұма
43
0
    Биылдан бастап инвестициялар тарту бойынша жұмыс тиімділігін арттыру мақсатында «Инвест Шымкент» фронт-офисі белсенді жұмыс істеп, қала аумағында инвесторларды «бір терезе» кағидаты бойынша сүйемелдеу қызметін көрсетуде. Онда инвесторларға бизнес-жоспар әзірлеуден бастап, жобаны іске асыруға дейін кажетті барлық руқсат құжаттарын алу бойынша 2 мыңга жуық қызмет көрсетіледі.
     «Инвесторларды қолдау нетижесінде тартылган инвестиция келемі 536 млрд теңгеге жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 10%-ға артты. Үкіметтің 2028 жылға дейінгі бекітілген жоспарына сәйкес, қалаға 5,6 трлн теңге инвестиция тарту көзделген. Бүгіннін, өзінде 2,7 трлн теңге болатын 31 мыңнан аса жана жумыс орнымен 220 инвестициялық жобаның пулы жасақталды. 

    Оның ішінде бірқатар ірі жобалар бар», - деді Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков ОКҚ көшпелі баспасөз конференциясы барысында. Оның мәліметінше, биыл 10 айдың, қорытындысы бойынша қала экономикасының өсуі 12%-ды құрады. Бұл көрсеткіш республика бойынша алдыңғы қатарда.
    Қазіргі таңда 438 га аумақта 2 жаңа индустриалды аймақ, іске қосылды. Осылайша, жұмыс істеп тұрған индустриалды аймақтардың саны жетіге жетті. Онда 293 жобаны жүзеге асыру нетижесінде 8 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды.
     Соңғы жылдары қала экономикасы айтарлықтай дамып, қарқынды өсім көрсетті. Бұл өсім өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, сауда, қызмет көрсету салалары мен инфрақұрылымдық даму арқылы қамтамасыз етілуде. 2024 жылы қалаға тартылған инвестициялар 9%-ға артып, 536 миллиард теңгені құрады. Қалада кәсіпкерлікті қолдау шаралары, шағын және орта бизнесті дамыту үшін арнайы бағдарламалар іске асырылуда.
    Активтерді қайтару мәселелері жөніндегі
комиссияның кезекті отырысында «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заң субъектілерінің, жалпы сомасы 525 млрд теңгеден астам қаражатты мемлекет пайдасына аудару жене әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру жөніндегі келісімдерін макұлдады.
    Қаражатты Арнаулы мемлекеттік қорға аударумен қатар, Комиссия Заң, субъектілері есебінен Арқалық каласында дарынды спортшы балаларға арналған 120 орындық, спорттық кешен, Астанада тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған оңалту орталығы, Алматыда ерекше қажеттілігі бар адамдарға арналған
400 орындық жаттығу орталығы кұрылысын мақұлданды. 
    «Мемлекет басшысы атап өткендей, кайтарылған барлық қаражат қазақстандықтардың игілігі үшін жұмыс істеуі тис. Осы жылдың басынан бастап Комиссия
кайтарылған активтер бойынша жалпы сомасы 900 млрд теңгеден астам келісімдерді мақұлдады. Бұл қаражатқа
бірқатар әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің, құрылысы басталды», — деп атап етті Олжас Бектенов.
    Бұған дейін Президент тапсырмасы бойынша Арнаулы мемлекеттік қордан Ақмола облысындағы Зеренді ауылында спорттық, кешен және Туркістан облысындағы Темірлан ауылында музыка мектебінің, кұрылысына қаражат бөлінді.
    Жыл басынан бері Комиссия қайтарылған активтер бойынша жалпы сомасы 900 млрд теңгеден астам келісімдерді мақұлдады. 
    Шымкентте шаhар басшысы қаладағы бірқатар нысандарды аралады. 
   Еңбекші ауданында бұрынғы Химиктер мәдениет үйі ғимаратының қазіргі жай-күйімен және «Дани НАН» ЖШС ұн комбинатының жұмысымен танысты. Аталған кәсіпорын шамамен 200 адамды жұмыспен қамтып, өндіріс процесін автоматтандырған. Компания басшылығы шығарылатын өнімдер мен өндірісті кеңейту жөніндегі алдағы жоспарлары туралы ақпарат берді. 
   Сондай-ақ Шымкент қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаментіне қарасты жинақтау пункті ғимаратының күрделі жөндеу жұмысын тексерді. Нысанды аралау барысында бірқатар кемшіліктер анықталып, жауапты тұлғаларға олқылықты тез арада жоюды тапсырды. 
   Бұдан бөлек, Әл-Фараби ауданында орналасқан Түркістан облысы прокуратурасының ғимаратын аралады. Бұл нысан қаланың коммуналдық меншігіне берілуде. Мұндай қадам қала мекемелерін өз ғимараттарымен қамтамасыз етіп, бюджет шығындарын қысқартуға мүмкіндік береді. Үнемделген қаражатты қаланы дамытуға бағыттау жоспарланып отыр. 
   Аралау барысында «Shymqala» этноауылын реконструкциялау бойынша алдын ала әзірленген тұжырымдамамен танысты. Кәсіпкерлерімен кездесу барысында тұрғындар мен туристерді қызықтыратын орындарды дамыту мәселесі қаралды. Этнотуризм қазір туристер арасында ерекше танымалдыққа ие. Этноауыл – ұлттық мәдениетіміз бен дәстүрлерімізді насихаттайтын бірегей орын. Туристік әлеуетті арттыру және осы кешенді жаңғырту мақсатында Туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасының басшылығына бірқатар тапсырмалар берді. 
   Сонымен қатар Дулати көшесіндегі әкімдік балансына өтетін ғимаратты және №6 Арнайы әлеуметтік қызмет көрсету балалар орталығы ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстарын қарады. Құрылыс басқармасы мен мердігер ұйым өкілдеріне жөндеу жұмыстарының сапалы әрі мерзімінде аяқталуы қажет екенін айтты.

Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы 

Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать