Байланысқа арналған телефондар:
» » Биыл жылдың 10 айында Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық даму тұрақты өсімді көрсетіп отыр.

Биыл жылдың 10 айында Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық даму тұрақты өсімді көрсетіп отыр.

13 Желтоқсан 2024, Жұма
38
0
Биыл жылдың 10 айында Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық даму тұрақты өсімді көрсетіп отыр. Осы кезеңде қала экономикасының өсімі 12%-ды құрап, бюджет көлемі 779 миллиард теңгеге жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 123 миллиард теңгеге көп. 

Бұл туралы Шымкент  қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Орталық коммуникациялар қызметінде өткен көшпелі есеп беру кездесуінде мәлімдеді. Мегаполис басшысы атқарылған жұмыстар мен алдағы жобалар туралы баяндады. 
«Президент Қазақстан халқына Жолдауында өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемін 1,5 есе және өнімділігін арттыру міндетін қойды. Осы бағытта биыл 16 жобаның он екісі іске асырылды. Олардың жалпы құны 78,2 миллиард теңге. 67,1 миллиард теңге инвестиция тартылып, 1мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды. Атап айтқанда «Coca-Cola Icecek(CCI)» зауыты іске қосылып, 100 тұрақты жұмыс орны құрылды, сондай-ақ «Wan Sheng Ceramic» керамикалық плиталар  шығаратын кәсіпорын ашылып, 350 адам жұмыспен қамтылды»,-деді Ғабит Сыздықбеков.

Сонымен қатар, өнеркәсіп саласын дамыту мақсатында жалпы аімағы 438 гектарды алатын екі жаңа индустриялық аймақ іске қосылды. Олардың қатарында:
«Жұлдыз» индустриялық аймағы, мұнда құны шамамен 166 миллиард теңге болатын 46 ірі заманауи кәсіпорын шоғырланады.
«Бозарық» азық-түлік өнеркәсібі индустриялық аймағы, мұнда құны 44 миллиард теңге болатын 25 жоба жүзеге асырылып, 2 мыңнан астам жұмыс орны ашылады. Бұл жобалар Шымкенттің өнеркәсіптік әлеуетін арттырып, қала экономикасының дамуына жаңа серпін береді. Сонымен қатар, инвесторлар үшін тартымды жағдай жасап, халықты жұмыспен қамту деңгейін айтарлықтай жақсартады. 
Шымкент қаласының 2024 жылғы 7 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі қорытындылары сараланды.
Шымкент – еліміздегі жеңіл өнеркәсіп жақсы дамыған қалалардың бірі.

«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы құрылуы жеңіл өнеркәсіптің дамуына және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, отандық мақтаның тұтыну үлесін арттыру мен қосылған құны жоғары дайын жеңіл өнеркәсіп өнімдерін шығаруға ықпал етті.
Қаланың 2023 жылғы 11 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің динамикасы оң нәтиже көрсетті. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 3,6%-ға, оның ішінде өңдеу өнеркәсібі 3,4%-ға артты. Сонымен қатар ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 3,1%-ға, инвестиция 14%-ға, құрылыс жұмыстары 22%-ға, жалпы сауда 16,3%-ға, көлік қызметі 30,2%-ға артты. Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 111,6%-ды құрады. 2023 жылғы қаңтар-наурызға жалпы өңірлік өнім көлемі 700152,1 млн.теңгені құрады, 2022 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда нақты көлем индексі 106,5% құрады. ЖӨӨ құрылымында тауар өндіру үлесі 28,3%, қызмет көрсету – 63,1% құрады.
  Жыл басынан бері Шымкентке 536 миллиард теңге инвестиция тартылды. Өңір экономикасын көтеру және ынталандыру үшін инвесторларға қолайлы жағдай жасау маңызды. Биылдан бастап, инвестицияларды тиімді тарту жұмыстарын арттыру мақсатында «Shymkent-Invest» фронт-офисі белсенді жұмыс істеп келеді. Бұл кеңсе инвесторларға „бір терезе” қағидаты бойынша қызмет көрсетеді. Бүгінге дейін мұнда инвесторларға шамамен 2 мың қызмет түрі ұсынылды, олардың ішінде бизнес-жоспар әзірлеуден бастап, жобаны асыруға қажетті рұқсат құжаттарын толық сүйемелдеу бар. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Орталық коммуникациялар қызметі алыңында өткен көшпелі есеп беру кездесуінде айтты. 
Мегаполис басшысының айтуынша, көрсетілген қолдаудың арқасында тартылған инвестиция көлемі 536 миллиард теңгеге жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 9%-ға өскен. 

„Үкіметтің  2028 жылға дейінгі жоспарында қалаға 5,6 триллион теңге инвестиция тарту көзделген. Бүгінде 2,7 триллион теңгеге 220 инвестициялық жоба тобы құрылып, 30 мыңнан астам жұмыс орындарын ашу жоспарлануда. Ауқымды жобалардың бірі- еліміздегі ең жылыжай кешені, оның жалпы аумағы 650 гектарды құрайды. Жобаны түрік инвесторы- „Alarko Holding “ компаниясы 650 миллион доллар инвестиция салып жүзеге асырады. Бұдан бөлек, Польшаның „Fabe Polska” компаниясымен 150 гектар аумақта жоғары технологиялық жылыжай салу туралы келісім жасалды, жобаның құны 200 миллион долларды құрайды. Тағы бір ірі жоба-қуаттылығы 500 MBт болатын бу-газ қондырғысын салу, оған 700 миллион доллар инвестиция салынады. Бұл жоба аясында қала тұрғындары сапалы электр және жылу энергиясымен қамтамасыз етіледі” , деді Ғабит Сыздықбеков.  

Сонымен қатар, әкім биыл Шымкентте белсенді жұмыс істейтін шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 136 мыңнан асқанын атап өтті. Биыл кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларына 23,5 миллиард теңге қарастырылған. Бұған қоса, қалада алғаш рет шағыг және орта кәсіпкерлердің жаңа бастамаларын қолдау мақсатында „шағын өндірістік алаңдар” жобасы іске қосылды. Мұнда кәсіпкерлерге қажетті инфрақұрылымы бар дайын өндірістік алаңдар ұсынылады.

Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы 

Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать