Байланысқа арналған телефондар:
» » Цифрландыру – Шымкент қаласының дамуына елеулі ықпал етіп, оның тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған маңызды факторға айналды.

Цифрландыру – Шымкент қаласының дамуына елеулі ықпал етіп, оның тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған маңызды факторға айналды.

16 Желтоқсан 2024, Дүйсенбі
94
0
     Цифрландыру – Шымкент қаласының дамуына елеулі ықпал етіп, оның тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған маңызды факторға айналды. Бұл бағыттар қала экономикасын модернизациялап, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға ықпал етеді. 2024 жылы қолға алынған және алдағы жылдарға жоспарланған цифрландыру жобаларының негізгі бағыттарыда бар.  Қазіргі таңда цифрлық технологияларды енгізу тек мемлекеттік қызметтермен шектелмей, қаланың инфрақұрылымын, бизнес пен білім беру салаларын да қамтуда. 

      Шымкент қаласы цифрландыру басқармасының ұйымдастыруымен «Цифрлық драйвер» тақырыбында форум өтті. ІТ саласының компаниялары, сарапшылар бұл жолы жаңадан ашылған «Shymkent Hub» ғимаратында өз жобаларын таныстыруға мүмкіндік алды. Сондай-ақ, іс-шарада Shymkent Hub-тың әлеуеті, қалада IT саласында атқарылып жаткан жұмыстар жөнінде толығырақ нақты ақпарат берілді.
  Shymkent Hub - бұл мүмкіндіктер алаңы. Кеше қалалық жастар ресурстық орталығында осы тақырыпта өткен форум бүгін өңірлік технопаркте жалғасты. Іс-шараның басты мақсаты - цифрлық технологиялар саласында идеялар жене тәжірибелерімен бөлісу үшін алаң, ұсыну, қала тұрғындарының, цифрлық сауаттылығын арттыру, идеялар алмасу. Жиынға қалалық, басқармалардың өкілдері, жастар, қала турғындары қатысты.
Форумды Шымкент қаласының цифрландыру басқармасының басшысы Мұхит Кемелов ашып берді. Басқарма басшысы өнірлік технопаркте тренингтер, семинарлар тұрақты түрде өтіп жатқаны, кезекті форум саланы дамытуға зор серпін беретінін атап өтті. Жалпы қала тұрғындарының осы хабқа келіп, өздерінің жобаларын іске асыруға мумкіндіктері бар.
  Іс-шарада жетекші мамандар цифрлық, технологиялар, өздерінің үздік тәжірибелері және әдістемелері жөнінде кеңірек әнгімелеп берді. Атап айтканда, «Huawei technologies», «TAP GO», «Dahua technology», «Alagan» жіне тағы басқа компаниялар өз жобаларын көпшілікке таныстырды.
  Бүгінгі форум жаңа технологиялық жобалар құруға ынталандыру, халыктың түрлі топтарының цифрлық, технологияларға қызығушылығын арттыру, Шымкент қаласында цифрлық, трансформация саласы сарапшыларының жаңа қоғамын құру және кәсіби байланыстарын дамытуды көздейді. Форум барысында ойындар ұйымдастырылып, IT өнімдер көпшілік назарына ұсынылды.
  Қазіргі таңда қаламызда  ақылды көлік жүйелерін енгізу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жүйе қаладағы жол қозғалысын басқаруға, кептелістерді азайтуға және қоғамдық көлік қызметінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Қаланың инфрақұрылымын цифрландыру арқылы коммуналдық қызметтердің сапасын арттыру, энергияны үнемдеу және қалалық ресурстарды тиімді пайдалану қамтамасыз етілуде. Мысалы, ақылды жарықтандыру, су және жылу жүйелерінің мониторингі.
  Цифрландыру процесінде деректер қауіпсіздігіне ерекше назар аударылуда. Шымкентте киберқауіпсіздік жүйелерін жақсарту, мемлекеттік және жеке секторлар арасындағы ақпарат алмасудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Әр түрлі қызметтерді төлеу, сауда жасау және мемлекеттік салықтар мен төлемдерді цифрлық түрде жүргізу мүмкіндігі артуда. Қаржылық қызметтер мен банктік операцияларды цифрлық платформалар арқылы жасау, бұл әсіресе шағын және орта бизнес үшін тиімді. Мұндай жүйелер қаржылық операциялардың жылдамдығын арттырып, бизнеске ыңғайлы жағдайлар жасайды.
      Шымкентте 2024 жылы жүргізіліп жатқан цифрлық трансформация аясында қала тұрғындары жоғары жылдамдықты интернетке, сапалы байланыс қызметтеріне және цифрлық теледидарға қол жеткізуде. Бұл үшін Beeline компаниясының GPON технологиясы қолданысқа енгізілді. GPON технологиясының ерекшелігі – жоғары жылдамдықтағы интернет қызметін тұрақты және үзіліссіз ұсыну, әсіресе шалғай аудандарда. Қалада «Шаңырақ», «Тұрдыабад», «Базарқақпа» шағынаудандарында бұл технология іске қосылып, 1500-ден астам үйді интернетке қосып, 7150-ден астам тұрғынды қамтыды. Алдағы жылдары тағы 25 елді мекенді осы жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету жоспарланған.
   Шымкент қаласында шалғай елді мекендерге талшықты-оптикалық интернет жүргізу жұмыстары кезең-кезеңмен жүргізіліп, 2024 жылы 20 елді мекен, ал келесі жылы 25 елді мекенді қамтулар қолға алынып келеді.
   Сонымен қатар, Шымкент қаласы аймақтық ІТ-орталық ретінде де дамуда. 2024 жылы ашылған «Shymkent IT Hub» технопаркі стартаптар мен ІТ-білім беруді дамытуға бағытталған жаңа мүмкіндіктер ашады. Бұл технопарк өңірдегі инновациялық экожүйені дамыту, цифрлық кәсіпкерлікті қолдау және ІТ-саласын дамыту үшін маңызды платформа болып табылады.
   Жалпы алғанда, Шымкент қаласында цифрландыру аясында қолға алынған жобалар қала экономикасын дамытуға және тұрғындардың өмір сүру деңгейін жақсартуға бағытталған. Осының барлығы өңірдің болашақта цифрлық экономика мен инновациялар орталығына айналуына ықпал етеді.

Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы 

Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать