Цифрлік сауаттылық ХХІ ғасырдың ең маңызды білімі болып табылады.
Шымкент қаласы цифрландыру саласында республикадағы алдыңғы қатарлы өңірлердің бірі болып табылады. Бұл жетістіктер «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының табысты жүзеге асуының және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың цифрлық трансформацияға бағытталған тапсырмаларының нәтижесі ретінде көрініс табуда. Биыл Шымкентте білім беру саласындағы цифрлық технологияларды енгізу, мектептерді жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру мәселелері бойынша үлкен жетістіктерге қол жеткізілді.

Шымкент қаласының цифрлану процесі қарқынды дамып, көптеген салаларда жаңа технологиялар енгізілуде. Бұл бағыттағы шаралар қала тұрғындарының өмір сапасын жақсартуға, мемлекеттік қызметтерді жеңілдетуге және экономиканы цифрландыруға бағытталған.
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков пен білім саласының жетекшілері мектептерді цифрландырудың маңыздылығын атап өтіп, бұл шаралардың балалардың сапалы білім алуына және кәсіби дағдыларын дамытуға үлкен мүмкіндік беретінін ерекше атап өтті. Цифрландыру барлық салаларда, әсіресе білім беруде, көптеген мәселелердің тиімді шешімін табуға ықпал етеді, әрі осы бастамалар Қазақстанның цифрлық қоғамға қарай даму жолындағы маңызды қадамдар болып табылады.
Ақылды қала жобалары:
Қазіргі таңда, Шымкентте «Ақылды қала» эталон концепциясы бойынша жобалар белсенді түрде жүзеге асырылуда. Мұндай жобалар қаладағы қоғамдық қауіпсіздікті күшейту, көлік қозғалысын тиімді басқару, энергия шығындарын азайту сияқты маңызды аспектілерді қамтиды. Бейнекамералар мен жаңа геопорталдардың іске қосылуы қаланың қауіпсіздігін нығайтуға ықпал етіп, қаладағы қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті бақылауды оңтайландырды. Сонымен қатар, мемлекеттік және жеке меншік әріптестік негізінде жүзеге асырылып жатқан жобалар білім беру мен денсаулық сақтау салаларын цифрландыруға мүмкіндік берді.
Интернет пен байланыс сапасын арттыру:
Ғабит Сыздықбеков цифрлық инфрақұрылымның дамуына да үлкен көңіл бөлуде. Қалада 5G базалық станциялары орнатылып, интернет желісінің жылдамдығы артты. Бұл тұрғындарға жоғары сапалы интернет қызметтерін ұсынуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, қала шетінде орналасқан шағын аудандар мен елді мекендерге талшықты-оптика желісін тарту жұмыстары қолға алынған. Бұл жобалар тұрғындардың интернетке қолжетімділігін арттырып, экономиканың цифрландырылуына ықпал етеді.
Білім беру саласындағы цифрландыру:
Шымкент қаласында 147 мемлекеттік мектептің интернет жылдамдығы 150 Мбит/сек дейін көтерілді, бұл оқушылардың онлайн білім алуына мүмкіндік береді. Мектептерде цифрлық оқыту ресурстары мен бейнемазмұндарды пайдалану деңгейі де артып келеді. Онлайн оқыту мүмкіндіктерінің белсенді қолданылуы еліміздегі 7 мыңнан астам мектепте жүзеге асырылуда. Шымкент бұл бағытта Жамбыл және Ақмола облыстарымен бірге республикада көшбасшы болып табылады. Цифрландырудың білім беру жүйесіндегі жетістіктері оқушылар мен мұғалімдер үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, білім сапасын арттыруға ықпал етуде.
«Цифрлы контейнер» жобасы:
Қала әкімінің қолдауымен қаланың тазалығы мен қоқыс шығару қызметтерін жақсарту мақсатында «Цифрлы контейнер» пилоттық жобасы іске қосылды. Бұл жоба қоқыс алаңшаларында орналасқан контейнерлердің толу деңгейін бақылап, оларды уақтылы босатуды қамтамасыз етуде аналитикалық жүйені пайдаланады. Сонымен қатар, жүйе арқылы қала тұрғындарына 109 Бірыңғай байланыс орталығына тікелей сілтеме беріледі.
Цифрландыру арқылы мемлекеттік қызметтерді жақсарту қолжетімділігі мен тиімділігін арттыру үшін цифрлық платформалар мен сервис орталықтары кеңейтілді. Қалалық цифрландыру басқармасы цифрлық қызметтерді жетілдіру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізуде. Олардың ішінде көлік саласын цифрландыру, мемлекеттік қызметтерді онлайн алу және халықпен байланысты жақсарту бар.
Шымкент қаласының цифрландыру саясаты қала дамуының маңызды бағыты болып табылады. Ғабит Сыздықбековтің жетекшілігімен Шымкент цифрлық технологияларды тиімді пайдалану арқылы тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға және қала экономикасын дамытуға үлкен ықпал етіп келеді.
Цифрлік сауаттылық - бұл адам өмірінің барлық салаларында цифрлік технологияларды сенімді, тиімді қолдануға дайындығы және қабілеті.
Шымкент қаласының цифрлық трансформациясы тек білім мен қауіпсіздік салаларын ғана емес, сонымен қатар қаланың экономикалық және әлеуметтік салаларын да жетілдіруге бағытталған бірқатар тиімді шараларды қамтиды. Бұл жобалар қала дамуының жаңа дәуіріне жол аша отырып, тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған ауқымды қадамдар болып табылады.
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы

Обсудить
Другие статьи:
Түркістан облысында 4 жыл бойы жоғалған қыз анасымен қауышты
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте екі жас адам «Алаш» базары маңынан жоғалды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте мобильдік топтың бақылауынан кейін 258 заң бұзушылық анықталды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Похожие материалы:

16 Желтоқсан 2024, Дүйсенбі
Шымкент қаласының цифрландыру жүйесі бірнеше маңызды бағыттар бойынша дамып келеді
Комментарии (0)