Қоғамдық бақылау мен жаңа технологияларды енгізу: қазақстандықтар жол сапасын арттыру шараларын атады.

«Әділдік және өркендеу» қоғамдық қоры әлеуметтік мониторинг жүргізіп, бұл жолы қазақстандықтардың жол сапасына қаншалықты көңілі толатынын анықтады. Қатысушылар сауалдарға жауап беріп, жолдардың қазіргі жай-күйін бағалап, сапасын жақсарту бойынша өз ұсыныстарын білдірді.
Биыл елде 12 мың шақырым трасса мен 2,5 мың шақырым облысаралық және ауданаралық автокөлік жолы төселіп жөнделді. Бұл бұрын-соңды болмаған көлем. Алайда «Әділдік және өркендеу» Қоғамдық қорының әлеуметтік мониторингі тұрғындардың 40% ы ғана осы жылы өз елді мекеніндегі жолдың жақсарғанын атап өткен. Әлеуметтік мониторинг сауалдарына жауап бергендердің төрттен бірінен астамы соңғы жылда жағдай өзгерген жоқ деп санайды. Ал 30%-і керісінше нашарлады деп отыр.
Мониторинг қорытындысына сәйкес, жауап берушілердің 68,5% елдегі жол құрылысының қарқынына көңілі толмайды. 70%-тен астамы жөндеу жұмыстарының сапасы көңіл көншітпейді деп отыр. Өз пікірін білдірген тұрғындардың жартысы былтыр ғана жөнделген жолдар жарамсыз болып қалды деген ойда.
Жол инфрақұрылымымен байланысты мәселелердің ауқымы кең. Қазақстандықтардың пайымынша, ең бастылары мынадай:
—сапалы магистральдар аз (58%);
—тұрғын аудандардағы жолдың жай-күйі нашар (46%);
—магистральдарда жарық жоқ, жолдарда шұңқыр көп (39%);
—жөндеу қарқыны баяу (39%);
—суағарлар жоқ, аудандардағы жолдар жарықтандырылмайды (34% және 31%);
—қар дұрыс тазаланбайды әрі көктайғаққа қарсы шаралар жасалмайды (29%);
Айта кетерлігі, қазақстандықтар республикалық маңызға ие жолдарға қарағанда, өз елді мекеніндегі жолдардың жағдайын жақсы деп бағалады. Шамамен 60%-ға жуығы мұндай жолдардың жағдайы жақсы және қанағаттанарлық деп отыр. Алайда қала тұрғындарымен салыстырғанда жол сапасына ауыл тұрғындарының шағымы көбірек.
Әлеуметтік мониторинг қатысушыларының 60% астамы сапасыз жол кесірінен өзі немесе жақындары апатқа түскенін айтқан. Ал 11%-і мұндай жағдай бір реттен көп болды деген нұсқаны белгілеген.
Халықтың жол сапасына көңілі толмауының басты себебі – жемқорлық пен ұрлық (38,83%). Екінші орында – жергілікті билік органдарының жұмысы олқы (17,31%), ал үшінші орында – Үкімет тарапынан бақылаудың болмауы (12,2%). Жол қызметтерінің нашар жұмысы тізімді түйіндеп тұр (11,53%).
Әлеуметтік мониторинг аясында қатысушылар елдегі жолдардың жағдайын жақсартуға қатысты өз пікірімен де бөлісті. 60%-і жөндеу жұмыстарының сапасын арттыру керектігін айтса, жолдарды кеңейту және жолақтарды арттыру деген нұсқаны қатысушылардың 34%-і таңдаған. Жөндеу қарқынын жылдамдату және құрылыс кезінде заманауи технологияларды қолдану шараларын 33% және 31% ы атап өткен.
Сондай-ақ, әлеуметтік мониторингке қатысушылар автокөлік жолдарының жай-күйін жақсартуға қатысты ұсыныстарын білдірді:
— билік пен қоғам белсенділері тарапынан жол салу және жөндеу жұмысының сапасына бақылауды күшейту;
— құрылысқа бөлінген қаражаттың пайдалануына бақылауды күшейту;
— құрылыс пен жөндеу барысында технологияларды сақтауға бақылауды күшейту
— заманауи технологияларды қолдану.
Әлеуметтік мониторингтің қорытындысы бойынша қазақстандықтар жол құрылысы мен жөндеу барысында қоғамдық бақылауды күшейтуді қалайтынын көрсетіп отыр Сонымен қатар мониторингке қатысушылардың дені жол сапасына қатысты ақпарат жинақталатын арна — «ҚазАвтоЖолдың» тегін байланыс орталығын білмейді. Жауап берушілердің 77% осындай нұсқаны белгіледі (ал ауылдарда бұл көрсеткіш 80%-тен асады).
«Біз қоғам тарапынан жұмыс барысына, мердігерлерге, жол құрылысы мен жөндеу сапасына қоғамдық бақылау орнатуға деген сұраныстың жоғары екенін көріп отырмыз. Қазақстандықтар бұл мәселені шешу үшін мемлекетпен, бизнеспен әріптестікке әзір. Қорымызда қоғамдық бақылаудың іс жүзінде тексерілген тәжірибесі бар және біз автокөлік жолдарының жағдайын жақсарту үшін күш біріктіруге дайынбыз. Қор белсенділері жағдайды өзгерту үшін ашық бақылау, заманауи технологияларды енгізу және жол жұмыстары кезінде азаматтардың мониторингке белсенді қатысуы керек екеніне сенімді», — деді «Әділдік және өркендеу» қоғамдық қорының директоры Дана Рысмұхамедова.
«Әділдік және өркендеу» қоғамдық қоры Жол сапасына қатысты әлеуметтік мониторингті биыл 5 — 25 қараша аралығында онлайн форматта өткізді. Мониторинг сауалдарына барлық өңірден 5681 тұрғын жауап берді. Қатысушылардың жартысы — күн сайын көлікпен жүретін жүргізушілер.
Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков №6 емхананың қызмет көрсету сапасын тексеру мақсатында арнайы барды. Ол емхананың галерея бөлігін, күндізгі стационарды, гинекология және жалпы тәжірибелі дәрігерлер бөлімшелерін аралап, емдеу мекемесінде атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.
Емхана екі корпустан тұрады, оларды байланыстыратын арнайы галерея жасақталып, пайдалануға берілген. Бұл шешім медициналық жабдықтарды, зертханалық және диагностикалық орталықтардың жұмысын тиімді үйлестіруге жағдай жасайды.
Сонымен қатар, Н.Асылбеков емханадағы 150-ден аса камерадан тұратын бейнебақылау жүйесінің жұмысын көріп шықты. Бұл жүйе шағымдардың алдын алуға, сапалы медициналық көмек көрсетуге және пациенттер мен медицина қызметкерлері арасындағы сенімді нығайтуға бағытталған.
2023-2024 жылдары біріңғай сенім орталықтарына түскен өтініштерді саралау нәтижесінде, емханаға қатысты шағымдар өткен жылмен салыстырғанда 12%-ға азайғаны анықталды.
Денсаулық сақтау басқармасының басшысы емхана жұмысына оң баға беріп, профилактикалық шараларды одан әрі күшейту бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы

Обсудить
Другие статьи:
ШЫМКЕНТТЕ МЫРЫШ ОКСИДІН ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТТЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІ АШЫЛДЫ
27 Желтоқсан 2024, Жұма
КӨШЕ-ЖОЛ ЖЕЛІСІН ПАСПОРТТАУ ЖӘНЕ ДИАГНОСТИКАЛАУ
27 Желтоқсан 2024, Жұма
ШЫМКЕНТТЕ 2024 ЖЫЛЫ 1301 КӨШЕГЕ ЖАРЫҚТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
27 Желтоқсан 2024, Жұма
Похожие материалы:
13 Желтоқсан 2024, Жұма
Шымкент қаласындағы ауыз су мәселесінің шешілуі және сапаны қамтамасыз ету шаралары
Комментарии (0)