«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» Абай аудан әкімі жеке қабылдау өткізді
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы – бұл ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауына арқау болған бағыттардың бірі. Мемлекет басшысының бұл тұжырымдамасы көптеген мәселеге қозғау салып, қалың ел тарапынан қолдау тауып отыр.
Міне бүгін сол тұжырымдама негізінде Шымкент қаласының, Абай аудан әкімі Бұхарбай Парманов ағамыз жеке қабылдау өткізді
Қабылдау барысында инфрақұрылым, ирригация жүйесін орнату, көше атауы т.б. мәселелеріне жауап беріліп, заңға сәйкес шешілетінін жеткізді.
Сонымен қатар, жеке қабылдауда тұрғындардың көтерген мәселелері бойынша жауапты мамандарға тапсырма беріп, мерзімінде жауап беруді тапсырды.
Негізгі Абай ауданының ең үлкен проблемаларының бірі ол Ынтымақтағы жағымсыз иіс тұрғындардың мазасын қашырды
Көпшілік жүрек айну, бас айналу секілді улану белгілері байқалғанын айтып, шағымданып жатыр. Бұқараның былайша дабыл қағуы бекер емес. Міне енді 2025 жылы Түркістан облысы аумағында жаңа тазарту құрылыстарының құрылысы басталатын болды.
Ал Абай ауданындағы инфрақұрылым жайлы Абай ауданының әкімі Бұхарбай Парманов БАҚ өкілдерінің сұрағына жауап берген болатын.
Абай ауданындағы шалғай елді мекендерді инфрақұрылыммен қамту жұмысы 2020-2022 жылдары қарқын алған. Аудан әкімінің айтуынша, қала әкімі Мұрат Әйтенов елді мекен тұрғындарымен кездесуінде ондағы әр мәселеге жеке назар аударып, қысқа мерзімде ЖСҚ жасалып, инфрақұрылым тарту жұмыс қызу жүргізіліпті.
–Екі жыл ішінде ауыз су желісін тарту мақсатында 14,2 млрд теңге қаржы жұмсалды. Бұл қаражатқа 2020 жылы 4 елді мекен, 2021 жылы 5 елді мекен, 2022 жылы 1 елді мекен ауыз сумен қамтылды. Электр қуаты үшін 7,2 млрд теңге бөлініп, 2021 жылы 5 елді мекен, 2022 жылы 3 елді мекен сапалы жарыққа қол жеткізді.
Табиғи газ тарту үшін 5,4 млрд теңгеге 2021 жылы 1 елді мекен, 2022 жылы 7 елді мекенге желі жүргізілсе, 2023 жылы 3 елді мекенге құрылыс жұмысы жүргізілуде. Кәріз жүйесіне 2,5 млрд теңгеге 2021 жылы 1 елді мекен, 2022 жылы 1 елді мекенге орталықтандырылған құбыр тартылса, 2023-2025 жылдары 6 елді мекенді кәрізбен қамту жоспарланып отыр. Ал, жол құрылысы үшін екі жылда 5,1 млрд теңгенің тірлігі атқарылды. Жалпы осы жұмыстарға 34,4 млрд теңге жұмсалып отыр, — деген болатын аудан әкімі.
Аудандағы 453 көпқабатты тұрғын үй 258 аулаға біріктірілген. 5 үй аула мен 27 елді мекенге спорт алаңшасы орнатылған. Осы мақсатқа 956,1 млн теңге қаржы жұмсалыпты.
Тілші: Бахытжан Копбаев

Обсудить
Другие статьи:
Саясаттағы отбасы институтын қолдаудың негізгі бағыттары
02 Желтоқсан 2024, Дүйсенбі
Қоғамдық келісім — тұрақты және бейбіт қоғам құрудың негізі болып табылады.
02 Желтоқсан 2024, Дүйсенбі
Отбасылық саясаттағы құндылықтар
02 Желтоқсан 2024, Дүйсенбі
Похожие материалы:
Комментарии (0)