Шымкентте халақаралық әуежайдың жаңа терминалы ашылды
Шымкентте халықаралық әуежайдың жаңа терминалы ашылды.
Шымкентте жаңа заманауи әуежай алғашқы жолаушыларын қабылдады. Бұл оқиға қала тұрғындары мен еліміздің өзге өңірлері үшін үлкен қуанышқа айналды. Жаңа терминал шаһардың инфрақұрылымын жақсартып, туризм мен инвестицияның артуына ықпал етпек. Әуежайдың ашылуы қаладағы транспорттық қолжетімділікті айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді.
40 гектар аумақта орналасқан жаңа терминал бір сағатта 2000 жолаушыға дейін қызмет көрсете алады. Қала әкімдігі мен инвесторлар жаңа терминалдың болашағына үмітпен қарайды, ал бастапқы кезеңде әуежайдың жолаушылар қабылдау және жіберу мүмкіндігі жоғары болып, алдағы уақытта бұл көрсеткіш ұлғаяды деп жоспарлануда.
Жаңа терминалда қазіргі уақытта тек SCAT әуе компаниясы қызмет көрсетеді, ал алдағы уақытта Air Astana мен Fly Arystan компаниялары да қосылады. Сонымен қатар, халықаралық әуе компаниялары да 2024 жылдың басында терминалға өтеді деп күтілуде. Терминалдың құрылыс жұмыстары 24 млрд теңге көлемінде SCAT әуе компаниясының жеке қаражаты есебінен жүзеге асқан.
Жаңа терминал заманауи жабдықтармен, демалыс орындары, дүкендер мен кафелермен толық қамтылған. Жолаушыларға ыңғайлы жағдайлар жасалып, қауіпсіздік шаралары қатаң бақылауға алынған. Сонымен қатар, жаңа жүйелердің енгізілуі құжаттарды жылдам тексеруге мүмкіндік береді.
Жаңа әуежай Шымкенттің транспорттық инфрақұрылымын ғана емес, бүкіл Орталық Азиядағы маңызды әуе бекетін дамытуға үлкен қадам болмақ.
Тілші: Кенжебаева Гауһар
Тілші: Кенжебаева Гауһар
Обсудить
Другие статьи:
Шымкенттің жастар энергиясы
08 Қантар 2025, Сәрсенбі
Шымкенттің жастар энергиясы
08 Қантар 2025, Сәрсенбі
Шымкенттің жастар энергиясы
08 Қантар 2025, Сәрсенбі
Похожие материалы:
26 Желтоқсан 2023, Сейсенбі
ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТІЛЕГІ БАСТЫ НАЗАРДА: ӘУЕЖАЙ МАҢЫНДАҒЫ БАСПАНАЛАР БҰЗЫЛМАЙДЫ
Комментарии (0)