Өрт сөндіру қызметі тиімді жұмыс істеуі үшін қосымша бекеттер құру қажет – депутат
Өрт сөндіру қызметі тиімді жұмыс істеуі үшін қосымша бекеттер құру қажет – депутат
Мәжіліс депутаты Ажар Сағандықова Шымкент қаласында төтенше жағдай қызметкерлерімен кездесіп, олардың жұмысымен танысты. Ол алдымен “Нұрсәт-2” шағынауданындағы №9 өрт сөндіру және авариялық құтқару мемлекеттік мекемесін аралап, қызметкерлермен тілдесті. Өрт сөндіру депосы қажетті материалдық-техникалық құралдармен жабдықталған. Депутат сондай-ақ №3 және №5 өрт сөндіру бекеттерін де қарап шығып, қызметкерлердің жұмысын бағалады.
Ажар Сағандықова өрт сөндіру қызметінің тиімді жұмыс істеуі үшін қосымша мобильді бекеттер ашу қажет екенін атап өтті. Бұл бекеттер қала шетіндегі елдімекендерде өрт сөндіру, медициналық көмек және полиция қызметінің мобильді топтарын біріктіруді мақсат етеді. Сонымен қатар, депутат мемлекеттің азаматтардың қауіпсіздігі мен тыныштығын басты басымдық деп санайтынын айтып, төтенше жағдай қызметкерлеріне алғысын білдірді.
Тілші: Жүрсінбай Аружан Сабырқызы
Тілші: Жүрсінбай Аружан Сабырқызы
Обсудить
Другие статьи:
«Прокуратура туралы» Конституциялық заңның 40-бабы тәртібінде
14 Наурыз 2026, Сенбі
Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл
14 Наурыз 2026, Сенбі
ІІМ АЗАМАТТАРҒА ҮНДЕУ ЖАСАДЫ
14 Наурыз 2026, Сенбі
Похожие материалы:
30 Қырқүйек 2023, Сенбі
ТҮРКІСТАН КӨШЕСІНДЕГІ ӨРТ СӨНДІРУ ДЕПОСЫ ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ҚОЛДАНЫСҚА БЕРІЛЕДІ
Комментарии (0)






