1) Биыл Шымкентте бес өрт сөндіру бекеті салынады
Биыл Шымкентте бес өрт сөндіру бекеті салынады
Биыл Шымкентте бес жаңа өрт сөндіру бекетінің құрылысы басталады. Елтай, Жаңа талап, Таскен тұрғын алаптары мен Сәуле, Бозарық шағын аудандарынан жер телімдері бөлініп, мердігерлер таңдалды. Модульді бекеттердің құрылысы жыл соңына дейін аяқталып, қолданысқа берілуі жоспарлануда.
Төтенше жағдайлар департаментінде өткен мәжілісте, Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаменті бастығының бірінші орынбасары Бекзат Қамбаров техникалық базаны жаңарту қажеттігін атап өтті. Қазіргі уақытта гарнизонда 99 техника бар, алайда нормативтерге сәйкес тағы 30-35 техника жетіспей тұр.
Мәжіліс депутаты Ажар Сағандықова, жұмыс сапарымен барған кезінде өрт сөндіру депосының ескі ғимараттарын күрделі жөндеуден өткізу мәселесін көтеріп, сала мамандарымен тілдесіп, техникаларды жаңартудың маңызды екенін айтты. Ол, сондай-ақ, азаматтық қорғау саласындағы реформалардың жүріп жатқанын және Президент тапсырмасына сәйкес бірнеше жаңа бекеттердің салынып жатқанын атап өтті.
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы
Обсудить
Другие статьи:
Шымкенттің жүрегіндегі жаңару: Ы. Алтынсарин көшесі жаңа өмірге қадам басты
11 Қырқүйек 2026, Жұма
Шұбаркөл көшесінде жаңартылған жол: қала тұрғындары ұзақ күткен өзгеріске куә болды
11 Қырқүйек 2026, Жұма
Шымкент жылу желілері тексерілді: қыс маусымына дайындық үстінде
11 Қырқүйек 2026, Жұма
Похожие материалы:
30 Қырқүйек 2023, Сенбі
ТҮРКІСТАН КӨШЕСІНДЕГІ ӨРТ СӨНДІРУ ДЕПОСЫ ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ҚОЛДАНЫСҚА БЕРІЛЕДІ
Комментарии (0)





