Шымкентте жаңа мұрал пайда болды
Шымкентте жаңа мурал пайда болды
Құтқарушы күні қарсаңында Шымкент қаласының орталығында көпқабатты тұрғын үйдің қасбетінде қазақстандық құтқарушыларға арналған арт-нысан — мурал салынды. Бұл муралда өрт сөндіру және төтенше жағдайлардан адамдарды құтқару сәті бейнеленген. Құтқарушылардың қауіпті жұмысын суретке түсіру арқылы олардың ерлігін бағалауға ерекше назар аударылған.
Мурал Төтенше жағдайлар департаментінің бастамасымен және қала әкімдігінің қолдауымен жергілікті «KORINIS WALL» компаниясы ұжымының жұмысы ретінде салынды. Суретшілер бұл жұмысты 4 күн ішінде орындап шықты. Қала орталығында орналасқан бұл мурал қазіргі заман қаһармандары — құтқарушылардың қызметін дәріптеп, оларға деген құрметті көрнекі түрде көрсетеді.
Тілші: Кенжебаева Гауһар
Тілші: Кенжебаева Гауһар
Обсудить
Другие статьи:
«Прокуратура туралы» Конституциялық заңның 40-бабы тәртібінде
14 Наурыз 2026, Сенбі
Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл
14 Наурыз 2026, Сенбі
ІІМ АЗАМАТТАРҒА ҮНДЕУ ЖАСАДЫ
14 Наурыз 2026, Сенбі
Похожие материалы:
18 Тамыз 2023, Жұма
Қаладағы барлық жанармай құю беттерінің, қала сыртына шығатын кезі келген сияқты
Комментарии (0)






