Түркістан облысында бір жылда 62 кооператив құрылып, ауыл шаруашылығын дамыту бағытында жаңа жобалар іске асуда
Түркістан облысында бір жылда 62 кооператив құрылып, ауыл шаруашылығын дамыту бағытында жаңа жобалар іске асуда
Түркістан облысында 2024 жылы 62 кооператив құрылып, олардың 37-сі қаржыландырылды. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков облыстың ауыл шаруашылығы саласындағы жаңалықтарды талқылап, жұмыс аптасының міндеттерін белгілеу мақсатында өткен лездемелік мәжілісте хабарлады. Ауыл шаруашылығы басқармасына аудан-қала әкімдіктерімен бірге субсидия бағыттарындағы өзгерістер мен жаңа технологияларды енгізудің артықшылықтарын шаруалар арасында түсіндіру жұмыстарын жандандыру тапсырылды.
Жалпы алғанда, құрылған 62 кооперативтің 23-і техникалар сатып алып, қызмет көрсету сапасын арттырса, 14 кооператив қайта өңдеу цехтарын іске қосты. Осы шаралардың нәтижесінде 148 азамат тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, «Ауыл аманаты» жобасын кооперацияға бағдарлау ісі 2025 жылы да жалғасын табатын болады.
Түркістан облысында су шаруашылығы нысандарын қалпына келтіру бағытында да ілгерілеушіліктер байқалады. 2024 жылдың І кезеңі бойынша 14 жоба ұсынылып, 166 шақырым су арнасын бетонмен қаптау жоспарлануда. Бұл жоба іске асқан жағдайда іргелес жатқан 53,3 мың гектар жерге ағын су жеткізу жақсарады. Ал «Тұран су» және «Қазсушар» мекемелерінің басшыларына облыс аумағындағы механикалық тазалаудан өткен және тазалауды қажет ететін су арналарына қатысты тиянақты сараптама жасау тапсырылды.
Тілші: Жүрсінбай Аружан Сабырқызы
Тілші: Жүрсінбай Аружан Сабырқызы
Обсудить
Другие статьи:
Түркістан облысында 4 жыл бойы жоғалған қыз анасымен қауышты
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте екі жас адам «Алаш» базары маңынан жоғалды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте мобильдік топтың бақылауынан кейін 258 заң бұзушылық анықталды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Похожие материалы:

14 Қантар 2025, Сейсенбі
Түркістан облысында көктемгі дала жұмыстарына дайындық басталды: Ауыл шаруашылығын дамыту жолында ауқымды шаралар қолға алынуда
Комментарии (0)