5) ШЫМКЕНТ:ТҰРҒЫН ҮЙ СЕРТИФИКАТЫНА ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛАДЫ
ШЫМКЕНТ:ТҰРҒЫН ҮЙ СЕРТИФИКАТЫНА ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛАДЫ
2025 жылдың 16 қаңтарынан бастап тұрғын үй сертификаттарына өтінім қабылдау басталады. Бұл сертификаттар «2-10-20», «5-10-20» және «Наурыз» бағдарламалары аясында тұрғын үй сатып алу кезінде ипотекалық қарыздың бастапқы жарнасын жабу үшін жергілікті атқарушы органның ақшалай көмегі ретінде беріледі. Тұрғын үй сертификатының мөлшері қарыз сомасының 10%-ын, бірақ 1 000 000 теңгеден аспайды және бұл көмек қайтарымсыз негізде беріледі.
Өтініш беруші мен оның отбасындағы әрбір адамның соңғы 6 айдағы орташа табысы (зейнетақы аударымдары мен жеке табыс салығын есептемегенде) 143 307 теңгеден аспауы тиіс, бұл көрсеткіш ағымдағы қаржы жылында белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 есе мөлшеріне сәйкес келеді.
Тұрғын үй сертификатын алуға мүмкіндігі бар санаттар:
1.Бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар.
2.Мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар.
3.Кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған, 29 жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар.
4.«Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері, «Батыр ана» атағын алған немесе I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналар мен көпбалалы отбасылар.
5.Толық емес отбасылар.
6.Шымкент қаласының мемлекеттік мекемелері мен кәсіпорындарының қызметкерлері.
Өтініш беруші қажетті құжаттарды жинап, http://xn–k-jtbaait0d.kz/ сайты арқылы өтінім бере алады. Өтініште электронды цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) міндетті түрде болуы қажет.
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы
Обсудить
Другие статьи:
Түркістан облысында 4 жыл бойы жоғалған қыз анасымен қауышты
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте екі жас адам «Алаш» базары маңынан жоғалды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте мобильдік топтың бақылауынан кейін 258 заң бұзушылық анықталды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Похожие материалы:
15 Қантар 2025, Сәрсенбі
Тұрғын үй сертификаты: Шымкент тұрғындары үшін мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларының қолдауы
Комментарии (0)