1) Шымкентте электр желілерінің 57% тозған
Шымкентте электр желілерінің 57% тозған
Шымкент қаласында электр желілерінің жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Былтыр қаладағы жарықпен қамтамасыз етуші мекеме инвестициялық бағдарлама аясында 180 шақырым магистральді желіні жаңғыртып, Асар-2, Бозарық-1 және Бозарық-3 шағын аудандарына электр жүйесін тартып, 2 мыңнан астам абонентті сапалы жарықпен қамтамасыз етті. Биыл қазынадан 2 млрд-тан астам қаражат бөлініп, желілердің тозу деңгейін төмендетуге жұмсалмақ. Қайнар бұлақ және Құрсай шағын аудандарында құрылыс жұмыстары жүргізіліп, қосалқы стансалар жөндеуден өтеді.
Дегенмен, қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының мамандары электр желілерін толық жаңғырту мүмкін еместігін айтады. Себебі, қолданыстағы желілердің басым бөлігі 50-70 жылдардағы ескі құрылымдар болғандықтан, уақыт өткен сайын олар ауыстыруды талап етеді. Шохан Айдарбек, қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының бөлім басшысы, желілердің жыл сайын тозып, қайтадан ауыстыру қажеттілігі туындайтынын, бұл жағдайдың тұрақты түрде орын алатынын атап өтті.
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы
Обсудить
Другие статьи:
Түркістан облысында 4 жыл бойы жоғалған қыз анасымен қауышты
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте екі жас адам «Алаш» базары маңынан жоғалды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте мобильдік топтың бақылауынан кейін 258 заң бұзушылық анықталды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Похожие материалы:
14 Желтоқсан 2024, Сенбі
Шымкент қаласы аумағында тозу деңгейі 37%-ы құрайтын 838,6 км жылу құбырлары бар
13 Желтоқсан 2024, Жұма
Шымкентте халық санының өсуімен бірге жаңа тұрғын үйлер, аудандар мен шағын аудандар пайда болуда.
09 Қантар 2024, Сейсенбі
БОЗАРЫҚТЫҢ ЖАҢА ҚҰРЫЛЫС АУМАҒЫ ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН САПАЛЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ҚАМТЫЛАДЫ
22 Қазан 2023, Жексенбі
ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ 9 АЙДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРЫ
Комментарии (0)