Байланысқа арналған телефондар:
» » Шымкент қаласы аумағында тозу деңгейі 37%-ы құрайтын 838,6 км жылу құбырлары бар

Шымкент қаласы аумағында тозу деңгейі 37%-ы құрайтын 838,6 км жылу құбырлары бар

14 Желтоқсан 2024, Сенбі
1 570
0
 2023 жылдың қорытындысымен шағын аудандар және көпқабататты тұрғын үйлермен қоса 60 мыңға жуық адам кәріз жүйесіне қосылуға мүмкіндік алды. Нәтижесінде қамту көрсеткіші 60%-дан 65%-ға өсті. Сонымен қатар 2024-2025 жылы 6 шағын ауданның кәріз жүйесіне жобалау сметалық құжаттама әзірлеу жоспарлануда.

Электр жүйесі бойынша 81 елді мекен толық әрі сапалы электр қуатымен қамтылған. Нәтижесінде, 22 мыңға жуық адам сапалы электр жүйесіне қосылуға мүмкіндік алып, қамту деңгейі 98%-дан 99%-ға өсті. Сонымен қатар 2024 жылы 4 елді мекеннің жаңақұрылыс аумақтарын сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету жұмыстарын 2024-2025 жылдары атқару жоспарланған. 
54 елді мекен табиғи газбен қамтылған, 24 елді мекен көгілдір отынмен жартылай қамтылған. Қазіргі танда табиғи газдын көрсеткіші 96%-ды құрап отыр. 2024-2025 жылы табиғи газбен қамтамасыз ету көрсеткішін 97,4%-ға жеткізу жоспарлануда.
Шымкент қаласы аумағында тозу деңгейі 37%-ы құрайтын 838,6 км жылу құбырлары бар. Сондай-ақ 23 қазандық және 17 сорғы стансасы бар:
23 қазандықтың тозу деңгейі – 30,5%-ды құрайды.
17 сорғы стансалары тозу деңгейі – 41%.
Биыл жылу жүйелерінің тозу деңгейін төмендету мақсатында, 8,7 км жылу жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2 нысан бойынша (Адырбеков, Нұрсат) 4,5 км жылу жүйелеріне реконструкциялау жұмыстарын жүргізу жоспарланып, жыл қорытындысымен 1 нысанның (Нұрсат) құрылыс жұмыстары аяқталды.
Осыған орай, атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 2076 көпқабатты тұрғын үй және 464 бюджеттік мекеме тұрақты жылумен қамтамасыз етілді.
2024-2025 жылы жылу жүйелерімен үздіксіз қамтамасыз ету және тозу деңгейін төмендету мақсатында 30,0 км жуық жылу жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізу жоспарланған.
Мегаполис аумағындағы заңсыз берілген жерлерге қатысты айтар болсақ, бүгінде дейін игерілмеген, нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған немесе тиісті құжаттары ресімделмей пайдаланылған жер телімдері анықталды. Осыған байланысты 460 жер телімін құзыретіне сәйкес тексеру үшін Шымкент қаласының жер ресурстарын басқару департаментіне 53 хат жолданды.
2024 жылдың 8 айында Шымкент қаласының жер ресурстарын басқару департаментіне 131 жер учаскесі бойынша басқарма құзыреті шегінде қарау үшін тиісінше 20 хат жолданды.
Шымкент қаласының 2024-2025 жылдардағы жылу беру маусымына атқарылатын дайындық жұмыстарының іс-шара жоспары бекітіліп, бүгінгі күнге дайындық барысы қазандықтар мен турбиналар бойынша:
«3-Энергоорталық» АҚ-ы (ЖЭО-3) қысқы маусымға дайындық жұмыстарына 1074,89 млн теңге қаржы қарастырылған, игерілгені 1032,65 млн теңге (96%), жұмыстар жалғасуда.
Қаланың 26 бөлек орналасқан жылу қазандықтардан дайындалғаны 24 және орталықтандырылған жылу жүйесіндегі 17 сорғы стансалардан дайындалғаны 15, дайындық жұмыстары жалғасуда. Қаланың жалпы жылу желілерінің ұзындығы 838,6 км құрайды, оның тозығы жеткені 37%. 
Бүгінгі күнге, барлық жылу желілеріне гидравликалық қысыммен тексеру жұмыстары толық жүргізіліп, 136 ақау анықталды, оның 126-ы ретке келтірілді, қалған ақаулар қазан айының 1-не дейін толық ретке келтірілетін болады.
Жылу жүйелерінің тозу деңгейін төмендету мақсатында жергілікті және республикалық бюджеттен 4,0 млрд теңгеге келесі жұмыстарды атқару жоспарланған. Атап айтқанда, 2,4 млрд теңгеге 29,4 км жылу жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге мердігер мекеме «ТаразСтрой - 2004» ЖШС-і болып анықталып, жұмыстар жүргізілуде; Қазіргі таңда 25 км демонтаж жұмыстары жүргізілді, 14,5 км монтаж жұмыстары жүргізілді, жұмыстар жалғасуда.
Жалпы қаланың 2024-2025 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстарының барысы бақылауға алынған, апта сайын тұрақты мониторинг жүргізілуде.
Одан бөлек, электр энергиясы саласын дамыту мақсатында, Шымкент қаласының әкімдігі «Aska Energy» компаниясымен қалада қуаты 500 МВт-ға дейінгі бу-газ қондырғысын (БГҚ) салу жөніндегі жобаны іске асыру туралы Меморандумға қол қойды.
Сондай-ақ қала аумағында электрмен жабдықтаудың сенімділігін арттыру мақсатында даму жоспарына сәйкес, 220 кВ айналма электр желісіне және «Қызылсу» 220/110/10 кВ қосалқы стансасына жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Жобаны 2025-2027 жылдары іске асыру жоспарланып отыр.
2029 жылға дейін ішкі электр жүктемесін реттеу және жаңа көзді құру үшін 6 қосалқы станса («Ынтымақ» 110/10 кВ, «Тұран» 110/10 кВ, «Шымсити» 110/10 кВ, «КЛО» 110/10 кВ, «Бозарық-2» 110/35/10 кВ, «Жұлдыз» 220/110/10 кВ) салу жоспарлануда.
   Алдағы кысқы маусымда Шымкенттің, бес ауданында көшелерді қардан тазалау бірнеше ауысымда жүргізіледі.
Мысалы, Абай ауданында тазалау жұмыстары сегіз бағыт бойынша ұйымдастырылады. Жалпы ұзындығы 357,2 шақырымды құрайтын 80 магистральдық көшені тазалау үшін 37 арнайы техника жұмылдырылады.
   Әл-Фараби ауданында тазалау жұмыстары бес бағытта жүзеге асырылып, жалпы ұзындығы 147,4 шақырым 109
магистральдық көшені тазалауға 39 арнайы техника тартылады. Сондай-ақ, Еңбекші ауданында қар тазалау бес бағыт бойынша жургізіледі. Жалпы ұзындығы 221,6
шақырымдық 83 магистральдық көшені тазарту үшін 38 арнайы техника тартылмақ.
   Тұран ауданында жұмыс алты бағыт бойынша ұйымдастырылады. Жалпы узындығы 203,3 шақырымдық, 111 магистральдық көшені тазалауға 36 арнайы техника тарту жоспарланған. Ал Қаратау ауданында ұзындығы 181,1 шақырымды құрайтын 83 көшені тазалау бес бағытта жүргізіліп, 39 арнайы техника жумылдырылады.
   Сонымен қатар, қыс мезгілінде қарды шығару орындары аудан әкімдіктерімен келісіліп, арнайы бос жер телімдері белгіленеді. Жол мен тротуарлардың тайғақ болмауын қамтамасыз ету мақсатында коммуналдық кызметтер инертті материалдардың қомақты қорын әзірледі. Атап айтқанда, шамамен 24 800 текше метр кұм және 13 200 тонна тұз дайындалды. Биыл инертті материалдар мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында қосымша келісімшарт негізінде сатып алынды.

Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы 

Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать