Байланысқа арналған телефондар:
» » 5) ШЫМКЕНТ: қаланың бас дәрігері сайрамдағы емхана бөлімшелерін аралады

5) ШЫМКЕНТ: қаланың бас дәрігері сайрамдағы емхана бөлімшелерін аралады

22 Қантар 2025, Сәрсенбі
1 525
0
ШЫМКЕНТ: қаланың бас дәрігері сайрамдағы емхана бөлімшелерін аралады

  Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлан Асылбеков жұмыс сапары барысында қалаға қарасты Сайрам тұрғын алабындағы №12 қалалық емханаға қарасты бірнеше бөлімшені аралап, жергілікті халыққа көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын бағалады. Емханада 65,561 адам тіркелген, бұл оның маңызды медициналық мекемелердің бірі екенін көрсетеді. Басқарма басшысы алдымен “Исфиджаб” бөлімшесіне барды, мұнда жергілікті тұрғындар дәрігерлік амбулаторияның қалаға алыстығын айтып, шағымданған болатын.
  Емханаға сапары барысында бетперде режимі мен санитарлық талаптардың сақталуы ескертілді, сондай-ақ медициналық қызметтерді жергілікті халыққа қолжетімді ету үшін бейінді мамандардың қабылдау жұмыстарының ұйымдастырылуы тапсырылды. Бұдан бөлек, Н.Асылбеков “Сайрам”, “Қаратөбе” және “Турдыабад” бөлімшелерін де тексеріп шықты. Мұнда санитарлық талаптарды сақтау, дәрілік заттарды дұрыс сақтау, вентиляция жүйесінің болмауы, қоқысты тазартудың жетіспеушілігі және мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жағдай жасалмауы сынды бірнеше жүйелі кемшіліктер анықталды. Басқарма басшысы бұл мәселелер бойынша ескертулер жасап, қажетті түзетулерді енгізуді тапсырды. 
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы 
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать