Байланысқа арналған телефондар:
» » 4) ШЫМКЕНТ: «Бақытты жанұя» орталығы өткен жылы 25 мыңнан адамға қызмет көрсеткен

4) ШЫМКЕНТ: «Бақытты жанұя» орталығы өткен жылы 25 мыңнан адамға қызмет көрсеткен

23 Қантар 2025, Бейсенбі
1 524
0
ШЫМКЕНТ: «Бақытты жанұя» орталығы өткен жылы 25 мыңнан адамға қызмет көрсеткен

  Шымкент қаласындағы «Бақытты жанұя» орталығы 2024 жылы әлеуметтік қолдауды қажет ететін көптеген тұрғынға маңызды көмек көрсетті. Орталық 25 245 адамға қызмет көрсетіп, оның ішінде көпбалалы аналар, жалғызбасты аналар мен әкелер, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға психологиялық және құқықтық көмек, ақысыз кәсіптік білім берді. Тұрғындар орталыққа әртүрлі сұрақтармен жүгініп, психологиялық, медиаторлық, құқықтық кеңес, атаулы әлеуметтік көмек алу, медициналық сараптама, тұрғын үй кезегіне тұру сияқты қызметтерді алды.
  Сонымен қатар, орталық 225 іс-шара ұйымдастырып, 5 794 ана қатыстырылды. Іс-шаралар аясында 2 879 анаға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, 160 құжат тиісті мекемелерге жіберілді. Орталықта 2 755 анаға сүйемелдеу көрсетілді, сондай-ақ отбасындағы мәселелер бойынша 2 459 азаматшаға заңгерлік және психологиялық көмек берілді. Психологтар 727 азаматшаға депрессия, отбасы арасындағы түсінбеушілік, өз-өзіне қол жұмсау және балалармен қарым-қатынас мәселелері бойынша көмек көрсетті.
  Отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында жергілікті полиция инспекторлары мен орталық арасында жоспар бекітіліп, нәтижесінде 29 агрессор орталыққа жіберіліп, психологтар мен заңгерлер олардың мәселелерін шешу үшін жұмыс істеді. 17 азамат ортақ бітімгерлікке келіп, отбасымен татуласты, ал қалған 12 азаматпен жұмыс жалғасуда.
  Кәсіптік дағдыларды меңгерту үшін 2024 жылы 10 тегін курс ұйымдастырылып, 1347 ана тіркеліп, оның 406-сы білім алды. 281 ана сертификат алып, 2790 кеңес берілді. Тігін курсын аяқтаған аналар жәрмеңкеде өз туындыларын сату арқылы қосымша табыс табуда.
  Осылайша, «Бақытты жанұя» орталығы әлеуметтік қолдау мен білім беру арқылы аналар мен отбасыларға көмек көрсетіп, олардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған маңызды шаралар атқарып келеді. 
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы 
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать