Саурандағы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы айына 100 адамға қызмет көрсетеді: өңірдегі әлеуметтік қолдау жобасы белсенді жұмыс істейді
Саурандағы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы айына 100 адамға қызмет көрсетеді: өңірдегі әлеуметтік қолдау жобасы белсенді жұмыс істейді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамда барлық азаматқа қолайлы жағдай, жайлы инфрақұрылым жасақтауды тапсырған болатын. Осы орайда Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Сауран ауданына іссапармен барып, өңірдегі маңызды әлеуметтік жобалардың бірі – «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-нің жұмысымен танысты. Бұл орталық 2023 жылы пайдалануға беріліп, халыққа әлеуметтік қолдау көрсету бағытында белсенді қызмет атқаруда. Ғимарат алаңы 750 шаршы метрді құрайды. Сауықтыру орталығының айына 100 адамды қабылдауға мүмкіндігі бар. Күнделікті 25 адамға қызмет көрсетіледі, ал курстардың ұзақтығы екі айды құрайды.
Бұл мекемеде 20 адам тұрақты жұмыс істеп, тұрғындарға түрлі әлеуметтік қызметтер ұсынады. Орталықтың қызмет көрсету аясы кең, мұнда әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-құқықтық және өзге де қызмет түрлері көрсетіледі. Әлеуметтік қызметтер тұрғындардың өмір сапасын көтеріп, олардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға, сондай-ақ психологиялық және құқықтық қолдау көрсетуге бағытталған. Бұл орталық тұрғындардың денсаулығын, әлеуметтік ахуалын жақсартуда маңызды рөл атқарып, қоғамның әртүрлі топтарына көмек көрсетуде тиімді үлгі ретінде жұмыс істейді.
Тілші: Жүрсінбай Аружан Сабырқызы
Тілші: Жүрсінбай Аружан Сабырқызы
Обсудить
Другие статьи:
Шымкентте қоғамдық орында электронды темекі сатқаны үшін азаматша айыппұл түріндегі жазаға тартылды
15 Қантар 2025, Сәрсенбі
Похожие материалы:
Комментарии (0)