Татулық – тұрақты дамудың алтын қазығы

Қоғам дамуының басты кепілі – бейбітшілік пен татулық. Әлемдік тәжірибеге көз жүгіртсек, табиғи байлыққа ғана сүйеніп өркендеген мемлекет жоқ. Шын мәніндегі дамудың түп қазығы – ел ішіндегі тұрақтылық пен өзара сенім. Ішкі алауыздыққа тап болған кез келген елдің экономикалық өсімі баяулап, әлеуметтік дамуы тұралап қалатыны тарихтан белгілі.
Қазақстанның ең басты ерекшелігі – этностық және мәдени әралуандықты әлсіздік емес, артықшылық ретінде қабылдауы. Бүгінде елімізде 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп келеді. Олар мемлекеттік істерге де, қоғамның барлық саласына да тең дәрежеде атсалысып, ел дамуына үлес қосуда. Бұл – әлемдік қауымдастықта сирек кездесетін әрі жоғары бағаланатын тәжірибе.
Татулық ұғымын тек қақтығыстың болмауы деп түсіну қате. Ол – әділдікке, өзара құрметке, сенім мен бір-бірінің құндылықтарын бағалауға негізделген биік мәдениет. Қазақстан халқы Ассамблеясы осы бағытта бірегей рөл атқарып келеді. Бұл институт этностардың тілін, дәстүрін сақтап қана қоймай, оларды елдің қоғамдық-саяси өміріне белсенді араластыруда.
Халықаралық қауымдастық Қазақстан тәжірибесін бейбітшілік пен келісімнің озық үлгісі ретінде мойындайды. Бұл – еліміздің ішкі тұрақтылықты басты капитал ретінде бағалап, оны сақтауға ерекше көңіл бөлгенінің айқын дәлелі.
Қазақ халқы ежелден «бірлік бар жерде – тірлік бар» деп, татулықтың құнын жоғары қойған. Бүгінде бұл қағида мемлекет саясатының іргетасына айналды. Ынтымақ пен тұрақтылық – біздің басты құндылығымыз, ал оны сақтау – әр азаматтың қасиетті парызы.
Татулық – мемлекеттің мәңгілік даму жолындағы ең сенімді тірегі. Сондықтан бейбітшілік пен келісімді сақтау – бүгінгі ғана емес, келер ұрпақ алдындағы да жауапкершілігіміз. #МыВместе #PeaceAndHarmony #PeaceForAll #TogetherForPeace #ҚХА30жыл #АНК30лет #APK30years #АНК #ANK
Тілші : Алимбетов Азамат
Обсудить
Другие статьи:
Мемлекеттің біртұтастығы, Қазақстан аумағының тұтастығы, бөлінбейтіндігі және оған қол сұғылмаушылығы туралы норма өзгеріссіз қалады – Конституциялық комиссия
28 Қантар 2026, Сәрсенбі
ШЫМКЕНТ: 100 МҰҒАЛІМГЕ ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ГРАНТЫ БЕРІЛЕДІ
28 Қантар 2026, Сәрсенбі
АСАР-2 ШАҒЫНАУДАНЫНДА ТАҒЫ 23 ОТБАСЫ ЖАҢА ПӘТЕРЛЕРГЕ ИЕ БОЛДЫ
27 Қантар 2026, Сейсенбі
Похожие материалы:
Комментарии (0)




