Қаладағы барлық жанармай құю беттерінің, қала сыртына шығатын кезі келген сияқты
2023 жылдың 14 тамызы, дүйсенбі күні кешке Дағыстан астанасы, Махачқаладағы жанармай құю бекетінде күшті жарылыс болды.
Оның алдында жақын маңдағы автосервисте өрт шығып, ол жанармай құю бекетіне дейін жеткен.
Жергілікті тұрғындар өртті тамашалау үшін жанып жатқан автосервиске жиналғанда, оларды жарылғыш толқын басып қалған. 35 адам қайтыс болды.
«Бұл біздің Дағыстан әдет-ғұрыппымыз - бірдеңе болса, жиналып, жиналып, бәрін түсіру керек. Әлемде болып жатқан оқиғалардың ортасында болу үшін », - деп шағымданады өрт пен жарылыс құрбандары емделген Махачкала республикалық клиникалық ауруханасының қызметкері БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.
Жасыратыны жоқ біздерде дәл солай екені өтірік емес.
Не болмасын, бірдеңе бола қалса болғаны, жиналып, бәрін түсіру керек. Әлемде болып жатқан оқиғалардың ортасында болу керек қой, қалып кетпеу керек қой ештемеден.
Ал енді қала ішінде орналасқан жанармай құю бекеттерінің адам өміріне қаншалықты қауіпті екенін айтып, шырылдаған адамдар сан мың екені де жасырын емес.
Әйтседе, жанармай құю бекеттерінің оларға ыңғайлы, халыққа қауіпті жерге орнатуға рұқсат алуы кімге пайдалы екені соқырғыда мәлім.
Дамыған елдерде, жанармай тасыйтың көліктер елді мекендерден тек түнгі мезгілде жүре алатын болса, бізде қаншама сондай көліктер қала ішінде тоңқалаңдап аударылып жатты. Құдайға шүкір әзірде 35 адам өлген жоқ Махачқаласындағыдай.
Мынандай, тұрғын үйлерге тым жақын орналасқан ондай жанармай құю бекеттерінде Құдайдың құтты күні болмаса, дәл Махачқаладағыдай, жанармай құю бекеттерінің жанындағы қосалқы орындарда бірнеше рет өрт болып жатқаны ешкімге де құпия емес қой.
Құдайға шүкір, Шымкентте жақында осы біздің Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы пара алды деген күдікпен ұсталды.
Міне нағыз өрт қауіпсіздігіне жауапты ең басты басшы Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы пара алды деген күдікпен ұсталып жатқанда, жанармай құю бекеттерінде бәрі әсер дегенге кім сенеді.
Мысалы, сол Махачкалада қаза тапқандардың арасында балалы жас отбасы да бар. Құрбан әйелі мен бір жарым жасар ұлымен жанармай құю бекетінің жанынан көлік жүргізіп келе жатқанда, сол жерде жарылыс болды.
Құдай сақтасын, онсызда екі күннің бірінде жанармай құю бекеттерінде өрт шығып жатқанда, жақын орналасқан үй тұрғындарына емес, өртті тамашалауға келген тентектер ғана емес, жәй жолдан өтіп бара жатқан, жолмен кетіп бара жатқан қала тұрғындарында, өмірі қыл үстінде екені, билік басындағы "аса сауаттылар" түгілі сауатсызға да түсінікті.
Меніңше барлық жанармай құю бекіттері қала сыртына шығатын кез келген сияқты. Міндетті түрде өз қаракөздеріміз өлгенде барып ақыл кіріп кетпей ақ, Махачкаладағы өмірі қиылған 35 адамда жеткілікті сияқты.
Бахытжан Копбаев
Обсудить
Другие статьи:
ЖАҢА АВТОВОКЗАЛ ЖҰМЫСЫ
19 Қараша 2024, Сейсенбі
ЖЫЛУЭЛЕКТРОРТАЛЫҒЫ ҚҰРЫЛЫСЫ (ТЭЦ)
19 Қараша 2024, Сейсенбі
«АНАҒА ТАҒЗЫМ» ОРТАЛЫҒЫ
19 Қараша 2024, Сейсенбі
Похожие материалы:
Комментарии (0)