ШЫМКЕНТ–КРАСНОЯРСК БАҒЫТЫНДА ТІКЕЛЕЙ ӘУЕ РЕЙСІ АШЫЛАДЫ

Шымкент қаласында азаматтар мен туристердің әуе қатынасы географиясын кеңейту және халықаралық бағыттарды көбейту бойынша жұмыс тұрақты жүзеге асырылуда. Осы бастамалар аясында 15 желтоқсаннан бастап әуежайдың жаңа терминалынан Шымкент–Бангкок бағыты бойынша Тайландқа жаңа халықаралық әуе рейсі іске қосылды.
Ал 25 желтоқсаннан бастап Шымкент және Красноярск қалаларының арасында тікелей әуе қатынасы ашылады.
Жаңа рейстер аптасына 2 рет қатынайды.
Бұл бағыттардың ашылуы мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуға, туризмді дамытуға, сондай-ақ, іскерлік және мәдени ынтымақтастықты кеңейтуге серпін береді деп күтілуде.
Шымкент қаласының халықаралық әуе хабы ретіндегі рөлін арттыру, өңірдің туристік және инвестициялық тартымдылығын күшейту бағытындағы жүйелі жұмыс жалғасады.
Обсудить
Другие статьи:
Шымкент құрылыс саласында жаңа серпіліс: 32 тұрғын үй пайдалануға беріледі
16 Қырқүйек 2026, Сәрсенбі
Шымкент қаласының құрылыс саласы: жетістіктер мен болашаққа бағытталған жоспарлар
16 Қырқүйек 2026, Сәрсенбі
Шымкент қыстан сақтанады: өрт қауіпсіздігі жаңа деңгейге шығады
16 Қырқүйек 2026, Сәрсенбі
Похожие материалы:
Комментарии (0)





