10) Түркістанға Мәскеу мен Бакуден әуе рейсі ашылуы мүмкін
Түркістанға Мәскеу мен Бакуден әуе рейсі ашылуы мүмкін
Ресей мен Әзербайжан астаналарынан Түркістанға тікелей әуе рейстерін ашу мүмкіндігі қарастырылуда. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев Мәжілістің жалпы отырысынан кейін бұл мәселені мәлімдеді. Қазіргі уақытта Түркістанға Кувейт, Абу-Даби және Ыстамбұлдан тікелей рейстер бар, ал Мәскеу мен Баку бағыттары бойынша рейс ашу жөнінде келіссөздер жүргізілуде. Нақты шешім қабылданғаннан кейін рейстердің уақыты мен бағыттары туралы қосымша ақпарат жарияланатын болады.
Сондай-ақ, Түркістанның тарихи және мәдени маңызын қорғау мақсатында Қожа Ахмет Иассауи кесенесінен 100 метр радиуста биік ғимарат салуға заңмен тыйым салу жоспарлануда. Бұл қадам қаланың сәулеттік бейнесін сақтауға бағытталған.
Әкімдік өкілі депутаттарға Түркістан қаласының арақсыз қалаға айналмауына қатысты сұрақтарға да жауап беріп, осы бағыттағы шешімдер мен шараларды түсіндірді.
Тілші: Кенжебаева Гаухар
Тілші: Кенжебаева Гаухар
Обсудить
Другие статьи:
Шымкенттің жүрегіндегі жаңару: Ы. Алтынсарин көшесі жаңа өмірге қадам басты
11 Қырқүйек 2026, Жұма
Шұбаркөл көшесінде жаңартылған жол: қала тұрғындары ұзақ күткен өзгеріске куә болды
11 Қырқүйек 2026, Жұма
Шымкент жылу желілері тексерілді: қыс маусымына дайындық үстінде
11 Қырқүйек 2026, Жұма
Похожие материалы:
Комментарии (0)






