ЕРІКТІЛЕР – ҚОҒАМНЫҢ ЖАСАМПАЗ КҮШІ ЖӘНЕ ОТАНШЫЛДЫҚТЫҢ ҮЛГІСІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Волонтерлер форумында сөйлеген сөзінде еріктілер қозғалысының қоғамдағы орны мен маңызын айрықша атап өтті. Президенттің айтуынша, ерікті болу – тек қоғамдық жұмыс емес, бұл Отаныңа адал қызмет ету мен азаматтық жауапкершіліктің айқын көрінісі.
Президент форумға еліміздің барлық өңірінен жиналған жастарды Қазақстанның нағыз отаншыл, жасампаз және қамқор азаматтары деп бағалады. Оның сөзінше, ниеті түзу, жаны таза жандар ғана еріктілік жолын таңдайды. Сондықтан волонтерлерді озық ойлы қоғамның айнасы деуге толық негіз бар.
Қасым-Жомарт Тоқаев пандемия мен табиғи апаттар кезінде еріктілердің ерекше белсенділік танытқанын еске салды. Мыңдаған волонтер дәрігерлерге, мұғалімдерге, тәртіп сақшыларына және мұқтаж азаматтарға көмек көрсетіп, ел бірлігінің нақты үлгісін көрсетті. Президенттің пікірінше, бұл – қазақ халқының мейірбан әрі кеңпейіл ұлт екенін дәлелдейтін нақты істер.
Мемлекет басшысы еріктілерді «Адал азамат» деген атқа лайықты деп атап, олардың тұтас қоғамның игілігін ойлайтын саналы азаматтар екенін жеткізді. Президент жастардың белсенділігіне зор сенім артатынын айтып, Қазақстанның болашағы дәл осындай жігерлі ұл-қыздардың қолында екенін ерекше атап өтті.
Обсудить
Другие статьи:
Шымкентте батыр полицейдің атына «Жас сақшы» сыныбы ашылды
18 Мамыр 2026, Дүйсенбі
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ПРЕЗИДЕНТКЕ ДЕГЕН СЕНІМ ДЕҢГЕЙІ ЖОҒАРЫ КҮЙІНДЕ САҚТАЛУДА
16 Мамыр 2026, Сенбі
ҚЫЗЫЛОРДАДА БІР КҮНДЕ 600 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
16 Мамыр 2026, Сенбі
Похожие материалы:
23 Қантар 2026, Жұма
Президент намысты қолдан бермеген спортшыларымыз талай бәсекеде топ жарып, еліміздің мерейін асырып, нағыз жасампаз отаншылдықтың үлгісін көрсетіп жүргенін атап өтті
20 Қантар 2026, Сейсенбі
ПРЕЗИДЕНТ ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙДА СЫР ӨҢІРІНІҢ ЕЛ ТАРИХЫНДАҒЫ ЖӘНЕ БҮГІНГІ ДАМУЫНДАҒЫ МАҢЫЗЫН АТАП ӨТТІ
Комментарии (0)




