СПОРТ САЛАСЫ МАМАНДАРЫ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫНА ҮН ҚОСТЫ
СПОРТ САЛАСЫ МАМАНДАРЫ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫНА ҮН ҚОСТЫ
Шымкент қаласында Конституциялық реформаға арналған спорт саласы өкілдерімен кездесу өтті. Іс-шараға спорт мектептерінің басшылары, жаттықтырушылар, әдіскерлер және сала мамандары қатысты.
Кездесуде Ердәулет Тастанбек баяндама жасап, жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттарына тоқталды. Ол Ата Заң жобасында адам құқықтарын қорғау, әділеттілік қағидатын бекіту және мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру мәселелеріне ерекше мән берілгенін атап өтті.
Оның айтуынша, Конституциядағы заң мен тәртіп үстемдігі, тең мүмкіндік қағидаты спорт саласына да тікелей қатысты. Әділ бәсеке, жастарды қолдау, дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамыту – мұның барлығы құқықтық негіздің мықты болуына байланысты.
Кездесу барысында қатысушылар жаңа Конституцияда білім мен ғылымды стратегиялық бағыт ретінде бекіту жас ұрпақты тәрбиелеуде, спорт пен салауатты өмір салтын насихаттауда маңызды рөл атқаратынын айтты. Сонымен қатар жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мен азаматтардың шешім қабылдау ісіне қатысу мүмкіндігінің кеңеюі спорт инфрақұрылымын дамытуға оң ықпал ететіні сөз болды.
Жиын ашық пікір алмасу форматында өтті. Сала мамандары спорт мектептерін қаржыландыру, инфрақұрылымды жаңарту және бұқаралық спортты қолдау мәселелері бойынша сұрақтар қойып, өз ұсыныстарын білдірді.
Ұйымдастырушылар мұндай кездесулердің мақсаты – жаңа Конституция жобасының мазмұнын сала өкілдеріне кеңінен түсіндіру және қоғамдық талқылауға белсенді қатысуға мүмкіндік беру екенін атап өтті.
Шымкент қаласында Конституциялық реформаға арналған спорт саласы өкілдерімен кездесу өтті. Іс-шараға спорт мектептерінің басшылары, жаттықтырушылар, әдіскерлер және сала мамандары қатысты.Кездесуде Ердәулет Тастанбек баяндама жасап, жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттарына тоқталды. Ол Ата Заң жобасында адам құқықтарын қорғау, әділеттілік қағидатын бекіту және мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру мәселелеріне ерекше мән берілгенін атап өтті.
Оның айтуынша, Конституциядағы заң мен тәртіп үстемдігі, тең мүмкіндік қағидаты спорт саласына да тікелей қатысты. Әділ бәсеке, жастарды қолдау, дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамыту – мұның барлығы құқықтық негіздің мықты болуына байланысты.
Кездесу барысында қатысушылар жаңа Конституцияда білім мен ғылымды стратегиялық бағыт ретінде бекіту жас ұрпақты тәрбиелеуде, спорт пен салауатты өмір салтын насихаттауда маңызды рөл атқаратынын айтты. Сонымен қатар жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мен азаматтардың шешім қабылдау ісіне қатысу мүмкіндігінің кеңеюі спорт инфрақұрылымын дамытуға оң ықпал ететіні сөз болды.
Жиын ашық пікір алмасу форматында өтті. Сала мамандары спорт мектептерін қаржыландыру, инфрақұрылымды жаңарту және бұқаралық спортты қолдау мәселелері бойынша сұрақтар қойып, өз ұсыныстарын білдірді.
Ұйымдастырушылар мұндай кездесулердің мақсаты – жаңа Конституция жобасының мазмұнын сала өкілдеріне кеңінен түсіндіру және қоғамдық талқылауға белсенді қатысуға мүмкіндік беру екенін атап өтті.
Обсудить
Другие статьи:
ПАРИЖ КӨРЕРМЕНДЕРІНЕ СЫР ӨНЕРПАЗДАРЫНЫҢ КОНЦЕРТІ ҰСЫНЫЛДЫ
25 Мамыр 2026, Дүйсенбі
Astana AI Film Festival халықаралық AI-фильмдер байқауы әлемнің түкпір-түкпіріндегі креаторлардан өтінім қабылдауды бастады
25 Мамыр 2026, Дүйсенбі
Молодежь выбирает закон и порядок: масштабный слёт «Жас сақшы» и волонтёров прошел в Шымкенте
25 Мамыр 2026, Дүйсенбі
Похожие материалы:
09 Ақпан 2026, Дүйсенбі
Жаңа Конятитуция: Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуына ерекше маңыз берілуде
Комментарии (0)





