Шымкентте тұрғын үй саясаты тиімді іске асырылып келеді.
2024 жылы күрделі жөндеу жұмыстарынан үнемделген қаржы есебінен 79 көпқабатты тұрғын үйдің жалпы мүлкіне техникалық зерттеу жұмыстары жүргізіліп, жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынған. 2023 жылы «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС-не қала бюджетінен жалпы 1,041 теңге бөлініп, қала аумағында орналасқан 16 көпқабатты тұрғын үйдің жалпы мүлкіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
2023 жылдың екінші жарты жылдығында жалпы мүлік иелеріне пайдалануға берілді. 2024 жылы күрделі жөндеу жұмыстарынан үнемделген қаржы есебінен 79 көпқабатты тұрғын үйдің жалпы мүлкіне техникалық зерттеу жұмыстары жүргізіліп, жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынған.
Сонымен қатар, 1-кезеңде қала аумағындағы 11 көпқабатты тұрғын үйдің жалпы мүлкін күрделі жөндеуден өткізу үшін жергілікті бюджетке өтінім беріліп, 1 139 993 теңге қаржы қаралды. Қазіргі таңда, 11 көпқабатты тұрғын үйдің (Әл-Фараби ауданы – 7, Тұран ауданы – 2, Еңбекші ауданында – 2 тұрғын үй) жалпы мүлкі күрделі жөндеуден өткізілуде. Осы үйлерден қаржы үнемделген жағдайда тағы да 5 көпқабатты тұрғын үйді күрделі жөндеуден өткізу жоспарлануда. Сонымен қатар, қала аумағындағы тозығы жеткен 24 жедел саты бойынша арнайы сараптама өткізіліп, оң қорытындысы алынған.
Шымкент қаласында 5 мыңға жуық отбасы жыл соңына дейін баспанамен қамтылады.
Мониторинг барысында 2023 жылы мақсатсыз пайдаланылған 2 пәтер басқарма тарапынан, 7 пәтер азаматтардың өз еркімен қайтарылса, 2024 жылы 25 пәтер өз еркімен мемлекет қорына кері қайтарылды.
Шымкент қаласы бойынша тұрғын үй алу тізімінде 51 140 азамат тіркелген.
Оның ішінде:
- жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санаты бойынша – 1 803;
- көпбалалы отбасылар – 15 449;
- халықтың әлеуметтік жағынан осал тобы – 17 823;
- мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйым және әскери қызметшілер – 16 042;
- жалғыз тұрғын үйі апатты жағдайда деп танылған азаматтар – 24.
Биылғы жыл соңына дейін тұрғын үй кезегінде тіркелген азаматтарға арендалық сатып алу құқығынсыз 1 000 азаматқа (жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар – 200, көпбалалы отбасылар – 351, халықтың осал топтары – 449) арендалық пәтер берілуі жоспарланған.
Бүгінгі таңда 251 пәтер (жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар – 91, көпбалалы отбасылар – 48, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары – 112) пайдалануға берілді.
2023 жылдан өтпелі болған 280 пәтер биыл қоныстандырылды. Сондай-ақ, 35 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жас 900 арендалық баспанаға қол жеткізеді.
Мемлекеттік бағдарламалар бойынша «2-10-20» және «5-10-20» бағыттары аясында жеңілдетілген несиелік негізде ағымдағы жылға жоспарланған 2 274 пәтердің ішінде 432 пәтерге келісім-шарттар түзіліп, азаматтарға қолданысқа табысталды.
Сонымен қатар, 2023 жылдан өтпелі болған жалпы 1 041 пәтер азаматтар арасында 2024 жылы үлестірілді. Осылайша, несиелік бағытта жалпы 1 473 пәтер берілді.
Биылғы жылға «Қамқор» өңірлік бағдарламасына жергілікті бюджеттен 5 млрд теңге және «Отбасы банк» АҚ-нан 3 млрд теңге, жалпы 8 млрд теңге бөлініп, ағымдағы жылы 400-ден кем емес отбасыны несиелендіру көзделуде.
Несиенің ең жоғары мөлшерлемесі 20 млн теңгеге дейін, пайыздық мөлшерлеме – 6%, бастапқы жарна 10%-дан кем емес, несиенің максималды мерзімі 25 жылға дейін.
Тұрғын үйді бастапқы және екінші нарықтан алуға мүмкіндігі қаралған. Қазіргі таңда, «Қамқор» өңірлік бағдарламасына өтінімдерді қабылдау Otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталында 2024 жылдың 30 қыркүйек сағат 16:00 бастап – 2024 жылдың 28 қарашасы сағат 18:00 дейін жалғасуда.
Түгендеу жұмыстары нәтижесінде тұрғын үй кезегінен 6 972 азамат есептен шығарылды.
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйдің жалдау шартының талаптарының сақталуы міндетті.
2024 жылы 1 000 жуық пәтер тексеріліп, 30 отбасының тұрғынжайды үшінші тұлғаларға жалға берілгендігі анықталды.
Нәтижесінде басқарма тарапынан тиісті актілер толтырып, хабарлама хаттар жолданып, тұрғындар тарапынан ескертулер назарға алынып, түзетілді.
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы
Обсудить
Другие статьи:
ШЫМКЕНТТЕ МЫРЫШ ОКСИДІН ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТТЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІ АШЫЛДЫ
27 Желтоқсан 2024, Жұма
КӨШЕ-ЖОЛ ЖЕЛІСІН ПАСПОРТТАУ ЖӘНЕ ДИАГНОСТИКАЛАУ
27 Желтоқсан 2024, Жұма
ШЫМКЕНТТЕ 2024 ЖЫЛЫ 1301 КӨШЕГЕ ЖАРЫҚТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
27 Желтоқсан 2024, Жұма
Похожие материалы:
08 Қырқүйек 2023, Жұма
ШЫМКЕНТТЕ КӨППӘТЕРЛІ 15 ТҰРҒЫН ҮЙ МОДЕРНИЗАЦИЯДАН ЖӘНЕ 21 ТҰРҒЫН ҮЙ АҒЫМДАҒЫ ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ
Комментарии (0)