Шымкент қаласында денсаулық сақтау саласының өкілдерімен арнайы кездесу өтті
Шымкент қаласында денсаулық сақтау саласының өкілдерімен арнайы кездесу өтті. Жиынның негізгі мақсаты – Конституциялық реформаның мазмұнын түсіндіру және ұсынылып отырған өзгерістердің мән-маңызын кеңінен талқылау.Кездесуге заң ғылымдарының кандидаты Атақожа Исмаилов пен Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының өкілі Қуаныш Сраилов қатысып, баяндама жасады. Сарапшылар Конституцияның жаңартылған тұстарына жан-жақты тоқталып, енгізілетін өзгерістердің құқықтық және қоғамдық маңызын түсіндірді.
Басқосу барысында спикерлер Ата Заңға ұсынылып отырған түзетулердің мемлекет негізін нығайтып, қоғамдық келісімді сақтауда айрықша рөл атқаратынын атап өтті. Олардың айтуынша, жаңа редакция – қоғам сұранысы мен заман талаптарына сай әзірленген, құқықтық жүйені жаңғыртуға бағытталған мазмұны терең құжат. Конституция мемлекеттің тірегі әрі қоғам дамуының басты құқықтық бағдары екені ерекше айтылды. Оның тұрақтылығы мен әділеттілігі елдің стратегиялық дамуында шешуші мәнге ие.
Спикерлер өзгерістердің ауқымы мен мазмұны қолданыстағы заң талаптары мен мемлекеттің ұзақмерзімді даму мақсаттарына сәйкес келетінін жеткізді. Жаңа жоба посткеңестік кеңістіктегі құқықтық үлгіден біртіндеп алыстап, заманауи әрі тиімді мемлекет моделін қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам ретінде бағаланды.
Сонымен қатар, жиында денсаулық сақтау саласының ұлттық қауіпсіздік деңгейіндегі стратегиялық маңызы бар бағыт екені айтылды. Осыған байланысты азаматтардың денсаулығына зиян келтіретін кез келген заңсыз әрекеттерге, оның ішінде діни ұрандарды желеу еткен құқыққа қайшы іс-әрекеттерге заң аясында тиісті шектеулер қойылатыны атап өтілді.
Кездесу қорытындысында қатысушылар ұсынылып отырған конституциялық өзгерістер елдің құқықтық және әлеуметтік дамуына оң ықпал ететініне сені білдіріп, жаңа Конституцияны қолдайтындықтарын жеткізді.
Обсудить
Другие статьи:
Орталық Азия Инновациялық университеті: Еліміздің саяси жүйесін кешенді жаңғырту – уақыт талабы
16 Ақпан 2026, Дүйсенбі
Шымкент қаласында денсаулық сақтау саласының өкілдерімен арнайы кездесу өтті
16 Ақпан 2026, Дүйсенбі
Казгидромет: весенний сезон в Алматы будет умеренно теплым
16 Ақпан 2026, Дүйсенбі
Похожие материалы:
Комментарии (0)






