ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – СЕНІМ МЕН ДАМУДЫҢ ЖАҢА АРХИТЕКТУРАСЫ
ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – СЕНІМ МЕН ДАМУДЫҢ ЖАҢА АРХИТЕКТУРАСЫ
Астана қаласында «Жаңа Конституция: сенім мен дамудың жаңа архитектурасы» тақырыбында сарапшылар диалогы өтті. Іс-шара барысында жаңа Конституция жобасының негізгі ережелері, сондай-ақ оның институционалдық, құқықтық және саяси маңыздылығы ашық форматта талқыланды.
Сарапшылар алаңын Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты мен Қоғамдық саясат институты бірлесіп ұйымдастырды. Жиынға Парламент депутаттары, Конституциялық комиссия мүшелері, мемлекеттік органдар, академиялық орта, сарапшылар қауымдастығы және азаматтық қоғам институттарының өкілдері қатысты. Бұл – жаңа Ата Заң жобасын талқылауға қоғамның түрлі өкілдері кеңінен тартылғанының айқын көрінісі.
Іс-шараға қатысқан Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин жаңа Конституцияның мәні мен тарихи маңызына ерекше тоқталды. Оның айтуынша, жаңа Конституция – тек заңдық тұрғыда ең жоғары құжат қана емес, ол – қоғамдық келісімнің көрінісі. Құжатта еліміздің бірегейлігі мен негізгі мәселелер бойынша қалыптасқан қоғамдық консенсус айқын бейнеленген.
Сондай-ақ, алғаш рет ғылым, білім және инновациялар мемлекет дамуының стратегиялық негізі ретінде бекітілмек. Бұл – Қазақстанның технологиялық тұрғыдан дамыған ел болуға деген ұмтылысын нақтылайтын маңызды қадам. Жаңа Конституция ел дамуының басым бағыттарын айқындап, өркендеудің жаңа векторын белгілейді.
Үш панельдік сессия аясында сарапшылар жаңа жобаның негізгі жаңашылдықтарын жан-жақты талқылап, өз ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Ашық диалог форматы қоғам сенімін нығайтуға және стратегиялық шешімдерді бірлесе қабылдауға негіз қалайды.
Жаңа Конституция – болашаққа бастар бағдар, сенім мен тұрақты дамудың берік іргетасы.
Астана қаласында «Жаңа Конституция: сенім мен дамудың жаңа архитектурасы» тақырыбында сарапшылар диалогы өтті. Іс-шара барысында жаңа Конституция жобасының негізгі ережелері, сондай-ақ оның институционалдық, құқықтық және саяси маңыздылығы ашық форматта талқыланды.Сарапшылар алаңын Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты мен Қоғамдық саясат институты бірлесіп ұйымдастырды. Жиынға Парламент депутаттары, Конституциялық комиссия мүшелері, мемлекеттік органдар, академиялық орта, сарапшылар қауымдастығы және азаматтық қоғам институттарының өкілдері қатысты. Бұл – жаңа Ата Заң жобасын талқылауға қоғамның түрлі өкілдері кеңінен тартылғанының айқын көрінісі.
Іс-шараға қатысқан Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин жаңа Конституцияның мәні мен тарихи маңызына ерекше тоқталды. Оның айтуынша, жаңа Конституция – тек заңдық тұрғыда ең жоғары құжат қана емес, ол – қоғамдық келісімнің көрінісі. Құжатта еліміздің бірегейлігі мен негізгі мәселелер бойынша қалыптасқан қоғамдық консенсус айқын бейнеленген.
Сондай-ақ, алғаш рет ғылым, білім және инновациялар мемлекет дамуының стратегиялық негізі ретінде бекітілмек. Бұл – Қазақстанның технологиялық тұрғыдан дамыған ел болуға деген ұмтылысын нақтылайтын маңызды қадам. Жаңа Конституция ел дамуының басым бағыттарын айқындап, өркендеудің жаңа векторын белгілейді.
Үш панельдік сессия аясында сарапшылар жаңа жобаның негізгі жаңашылдықтарын жан-жақты талқылап, өз ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Ашық диалог форматы қоғам сенімін нығайтуға және стратегиялық шешімдерді бірлесе қабылдауға негіз қалайды.
Жаңа Конституция – болашаққа бастар бағдар, сенім мен тұрақты дамудың берік іргетасы.
Обсудить
Другие статьи:
ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – СЕНІМ МЕН ДАМУДЫҢ ЖАҢА АРХИТЕКТУРАСЫ
22 Ақпан 2026, Жексенбі
КОНСТИТУЦИЯНЫҢ ҮСТЕМДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ БАСТЫ ҚАҒИДАТЫ
22 Ақпан 2026, Жексенбі
АСТАНАДА ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖӨНІНДЕ САРАПШЫЛАР ДИАЛОГЫ ӨТТІ
22 Ақпан 2026, Жексенбі
Похожие материалы:
Комментарии (0)







