ӘР АДАМНЫҢ ЕҢБЕК ЕТУГЕ ЖӘНЕ КӘСІП ТҮРІН ЕРКІН ТАҢДАУҒА ҚҰҚЫҒЫ БАР
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әрбір азаматтың еңбек ету құқығы және қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдау мүмкіндігі нақты бекітілген. Бұл норма азаматтардың еңбек саласындағы негізгі құқықтарын қамтамасыз етуге және олардың кәсіби қызметін еркін жүзеге асыруына құқықтық негіз қалыптастырады.Ата Заңға сәйкес, әр адамның еңбек етуге, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауға құқығы бар. Бұл қағида азаматтардың өз қабілеті мен біліміне сәйкес мамандық таңдауына, еңбек қызметін жүзеге асыруына және өз еңбегі арқылы лайықты өмір сүруіне мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл норма еңбек еркіндігін қамтамасыз ету арқылы азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған.
Конституцияда бекітілген еңбек ету құқығы қоғамның әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Ол азаматтардың экономикалық белсенділігін арттыруға, кәсіби дамуына жағдай жасауға және еңбек қатынастарының заң талаптарына сәйкес жүзеге асырылуына негіз болады.
Осылайша, Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әр адамның еңбек етуге және қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауға құқығының бекітілуі азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғаудың және олардың еркін еңбек етуіне жағдай жасаудың маңызды кепілі болып табылады.
Обсудить
Другие статьи:
Шымкенттің жүрегіндегі жаңару: Ы. Алтынсарин көшесі жаңа өмірге қадам басты
11 Қырқүйек 2026, Жұма
Шұбаркөл көшесінде жаңартылған жол: қала тұрғындары ұзақ күткен өзгеріске куә болды
11 Қырқүйек 2026, Жұма
Шымкент жылу желілері тексерілді: қыс маусымына дайындық үстінде
11 Қырқүйек 2026, Жұма
Похожие материалы:
Комментарии (0)






