ЖАСТАР БЕЛСЕНДІЛІГІ АРТЫП КЕЛЕДІ: ШЫМКЕНТТЕГІ ВОЛОНТЕРЛІК ҚОЗҒАЛЫС ҚАРҚЫНДЫ ДАМУДА

Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпарат алаңында «2030 жылға дейінгі волонтерлік қозғалысты дамыту тұжырымдамасының жобасын қалыптастыру үшін ұсыныстар мен пікірлер жинау» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті.
Баспасөз конференциясына Ұлттық волонтерлік желінің жетекшісі Айбек Аяпбергенұлы Досымбетов, Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасының бөлім басшысы Бекболат Қайратұлы Қалыбеков және «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Жансерік Бауыржанұлы Жұман қатысты.
Жиын барысында Шымкент қаласындағы волонтерлік қозғалыстың қазіргі даму деңгейі мен атқарылып жатқан жұмыстар таныстырылды. Атап айтқанда, жыл басынан бері волонтерлік қызмет жоспарға сәйкес жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. «Birgemiz» жалпыұлттық жобасы аясында экологиялық, әлеуметтік, білім беру, мәдени және төтенше жағдайлардың алдын алу бағыттарында кешенді іс-шаралар ұйымдастырылуда. Қазіргі таңда қалада 7 000-ға жуық белсенді волонтер тіркелген. Жастар ресурстық орталығы жанынан құрылған арнайы бөлім волонтерлік бастамаларды үйлестіру жұмыстарын жүргізуде. 2025 жылы «Волонтер көшбасшыларына арналған жазғы мектеп» ұйымдастырылып, 100 ерікті қамтылды. Сонымен қатар «Жас волонтер» жобасы аясында 5 үздік жобаға 1 миллион теңгеден грант бөлінді.
Экологиялық бағытта «Таза Қазақстан» және «Таза Шым» акциялары аясында сенбіліктер мен көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп, мыңдаған жас қамтылды. Әлеуметтік бағытта қарттар мен әлеуметтік осал топтарға қолдау көрсетіліп, түрлі қайырымдылық шаралары ұйымдастырылды. Жалпы алғанда, волонтерлік қозғалыс арқылы 14 000-ға жуық жас қамтылған.
Сондай-ақ, елімізде волонтерлік қозғалыстың соңғы жылдары қарқынды дамып келе жатқаны атап өтілді. Соңғы 6 жылда волонтерлік ұйымдар саны 4 есеге артып, 810-ға жеткен. Ал белсенді волонтерлер саны 300 000 адамға дейін көбейген. Ұлттық волонтерлік желі жыл сайын 60 000-нан астам еріктіні қамтып отыр.
Брифинг барысында волонтерлікті одан әрі дамыту, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту, өңірлік бастамаларды қолдау және мемлекеттік қолдау тетіктерін жетілдіру мәселелері кеңінен қарастырылды. Мамандардың айтуынша, алдағы уақытта да волонтерлік қозғалысты дамытуға бағытталған жобалар жүйелі түрде жалғасып, жастардың қоғамдық белсенділігін арттыруға ерекше назар аударылады.
Толығырақ: https://www.youtube.com/live/rOwbPMMaNbM?si=5vAzeBGkGbo1F-Rb
#РСКШЫМКЕНТ #БРИФИНГ
Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпарат алаңында «2030 жылға дейінгі волонтерлік қозғалысты дамыту тұжырымдамасының жобасын қалыптастыру үшін ұсыныстар мен пікірлер жинау» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті.Баспасөз конференциясына Ұлттық волонтерлік желінің жетекшісі Айбек Аяпбергенұлы Досымбетов, Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасының бөлім басшысы Бекболат Қайратұлы Қалыбеков және «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Жансерік Бауыржанұлы Жұман қатысты.
Жиын барысында Шымкент қаласындағы волонтерлік қозғалыстың қазіргі даму деңгейі мен атқарылып жатқан жұмыстар таныстырылды. Атап айтқанда, жыл басынан бері волонтерлік қызмет жоспарға сәйкес жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. «Birgemiz» жалпыұлттық жобасы аясында экологиялық, әлеуметтік, білім беру, мәдени және төтенше жағдайлардың алдын алу бағыттарында кешенді іс-шаралар ұйымдастырылуда. Қазіргі таңда қалада 7 000-ға жуық белсенді волонтер тіркелген. Жастар ресурстық орталығы жанынан құрылған арнайы бөлім волонтерлік бастамаларды үйлестіру жұмыстарын жүргізуде. 2025 жылы «Волонтер көшбасшыларына арналған жазғы мектеп» ұйымдастырылып, 100 ерікті қамтылды. Сонымен қатар «Жас волонтер» жобасы аясында 5 үздік жобаға 1 миллион теңгеден грант бөлінді.
Экологиялық бағытта «Таза Қазақстан» және «Таза Шым» акциялары аясында сенбіліктер мен көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп, мыңдаған жас қамтылды. Әлеуметтік бағытта қарттар мен әлеуметтік осал топтарға қолдау көрсетіліп, түрлі қайырымдылық шаралары ұйымдастырылды. Жалпы алғанда, волонтерлік қозғалыс арқылы 14 000-ға жуық жас қамтылған.
Сондай-ақ, елімізде волонтерлік қозғалыстың соңғы жылдары қарқынды дамып келе жатқаны атап өтілді. Соңғы 6 жылда волонтерлік ұйымдар саны 4 есеге артып, 810-ға жеткен. Ал белсенді волонтерлер саны 300 000 адамға дейін көбейген. Ұлттық волонтерлік желі жыл сайын 60 000-нан астам еріктіні қамтып отыр.
Брифинг барысында волонтерлікті одан әрі дамыту, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту, өңірлік бастамаларды қолдау және мемлекеттік қолдау тетіктерін жетілдіру мәселелері кеңінен қарастырылды. Мамандардың айтуынша, алдағы уақытта да волонтерлік қозғалысты дамытуға бағытталған жобалар жүйелі түрде жалғасып, жастардың қоғамдық белсенділігін арттыруға ерекше назар аударылады.
Толығырақ: https://www.youtube.com/live/rOwbPMMaNbM?si=5vAzeBGkGbo1F-Rb
#РСКШЫМКЕНТ #БРИФИНГ
Обсудить
Другие статьи:
ВОЛОНТЕРЛІК ҚОЗҒАЛЫСТЫ ДАМЫТУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖАЛҒАСУДА
01 Сәуір 2026, Сәрсенбі
ЖАСТАР БЕЛСЕНДІЛІГІ АРТЫП КЕЛЕДІ: ШЫМКЕНТТЕГІ ВОЛОНТЕРЛІК ҚОЗҒАЛЫС ҚАРҚЫНДЫ ДАМУДА
01 Сәуір 2026, Сәрсенбі
30 наурыз – Халықаралық қалдықсыз күн
30 Наурыз 2026, Дүйсенбі
Похожие материалы:
Комментарии (0)