Байланысқа арналған телефондар:
» » Сегізінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс жиырма екінші сессиясы өтіп, оған Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты.

Сегізінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс жиырма екінші сессиясы өтіп, оған Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты.

14 Желтоқсан 2024, Сенбі
1 558
0
    Сегізінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс жиырма екінші сессиясы өтіп, оған Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты. Кезектен тыс сессияда Шымкент қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне атау беру, қайта атау, атаулардың транскрипциясын өзгерту туралы мәселесі талқыға түсті. Жалпы, көшелерге атау беру бойынша тұрғындар тарапынан көптеген өтініштер түсіп тұратын. Кезектен тыс сессия барысында тұрғындардың өтініші бойынша маңызды шешім депутаттар тарапынан бірауыздан қабылданды. Нақтырақ айтсақ, күн тәртібінде республикалық ономастикалық комиссияның қорытындысы негізінде Шымкент қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне атау беру, қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын өзгерту туралы Шымкент қаласы әкімдігінің қаулысы мен мәслихатының бірлескен оң қорытындысын беру мәселесі қаралды. Қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Бауыржан Орынтаев мәлім еткендей, барлығы 283 көшеге атау беру, атауы қайталанатын 82 көше, идеологиялық тұрғыдан ескірген 6 көшені қайта атау, 6 шағынауданға және 1 аллеяға атау беру, 1 саяжайды қайта атау, 6 көшенің атауының транскрипциясын өзгерту мәселесі ұсынылды. Ал көшелерге атау беру мәселесі AMANAT партиясының фракциясында, бірлескен комиссияда, мәслихат сессиясында мақұлданып, әрі қарай республикалық комиссияға жолданған болатын. Республикалық ономастикалық комиссия ұсынылған барлық көшені бекітті. 

  Жедел жәрдем, өрт сөндіру қызметін шақырған кезде бірқатар қиындықтар туындайтын еді. Тиісті ұсынымға сәйкес, әр көше зерделеніп, жүйелі жұмыстар атқарылды. Бұл ретте өзен-су, дәстүрлі атауларға мән берілді. Қолдағандарыңызға рақмет, – деді қала әкімі Ғабит Сыздықбеков. Сондай-ақ, шаһар басшысы жылыту маусымы басталғалы әкімдік тарапынан барлық міндеттемелер орындалғанын, әрі қарай Мүлік иелері бірлестігі (МҮБ) жұмыс істеуі қажет екенін мәлімдеді.
    Қазақстан Республикасының Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Қазақстан халқына Жолдауында «Менің тапсырмаммен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы жүзеге асырылып жатыр. 2025 жылдың соңына дейін заманауи үлгідегі 217 мектеп пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Осы өте маңызды жұмысты «Самұрық-Қазына» қоры қадағалап отыр. Үкімет пен әкімдер бұл шаруаға белсене атсалысуға тиіс» - деген болатын.  Осы орайда Шымкент қаласында ұлттық жоба аясында 18 жайлы мектеп ашылады деп жоспарланып, жүзеге асырылуда.
   Бүгінде Республика күнінің қарсаңында алғашқы екі жайлы мектептің техникалық ашылуы болды. Нұршуақ шағынауданындағы жаңа білім беру ғимараты 2000 орынға, ал Қарабастау тұрғын алабындағы мектеп 1200 орынға есептелген. Айта кетейік, бұл мектептерде оқушылар оқу жылының екінші тоқсанынан оқи бастады.
   Нұршуақ шағын ауданында орналасқан №140 жалпы орта білім беру мектебі толық жаңа технологиялармен
жабдықталып,сонымен бірге ұстаздар қауымы мен оқушыларға барлық жағдай жасалған. Ата-аналарда жайлы мектеп жобасы аясынан шет қалмаған. Ата-аналар үшін, арнайы күту залы бар. Әр санаттағы оқушылар үшін жас деңгейіне сәйкес спорт зал, асхана, дәретхана, ойын және ас үй бөлмелері қарастырылған. Оқушылар үшін ыңғайлы кітапхана, шығармашылық дағдыны дамытуға көмектесетін мәжіліс залы да бар.   
   Соңғы жылдары Қазақстанда "Жайлы мектеп" деген ауқымды жоба белсенді жүзеге асырылуда. Заманауи технологиялармен жабдықталған және оқуға ыңғайлы барлық жағдай жасалған жаңа мектептер бүкіл ел бойынша бой көрсетіп жатыр. «Жайлы мектеп» жобасы тек ғимараттарды ғана салып қоймай, әр баланың дамуы үшін жаңа мүмкіндіктер жасайды. Ал оқуға ыңғайлы жағдайлар – бұл біздің еліміздің болашағына жасалған инвестиция.
   Қорытынды: Шымкент қаласының кезектен тыс мәслихат сессиясы қаланың әлеуметтік және инфрақұрылымдық дамуында маңызды қадам болып табылады. Сессия барысында қала тұрғындарының өтініштері ескеріліп, көшелердің атауларын өзгерту мен жаңа атауларды беру туралы шешім қабылданды. Бұл шаралар, әсіресе, жедел қызметтердің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында маңызды болды. Сонымен қатар, қала басшысы Ғабит Сыздықбеков жылыту маусымына дайындық пен Мүлік иелері бірлестіктерінің жұмысына ерекше назар аударды.
   «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Шымкент қаласында жаңа, заманауи мектептер салу жұмыстары да жалғасуда. Алғашқы екі мектептің ашылуы білім беру саласындағы маңызды жетістіктердің бірі болып табылады. Бұл мектептер оқушылар мен ұстаздар үшін ең жақсы жағдайларды ұсынып, Қазақстанның білім беру жүйесінің сапасын арттыруға бағытталған.
   Жалпы, Шымкент қаласының әлеуметтік және экономикалық дамуының әртүрлі бағыттары бойынша атқарылған жұмыстар қала тұрғындарының өмір сапасын жақсартуға және болашақта аймақтық дамудың тұрақты өсімін қамтамасыз етуге бағытталған.

Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы 

Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать