Қазакстанда технологиялардың көмегімен тұрмыс сапасы қалай жақсарады?
Цифрлық трансформация:
Қазакстанда технологиялардың көмегімен тұрмыс сапасы қалай жақсарады?
Қазакстанның 2024 жылы даму қорытындылары туралы жарияланым топтамасын жалғастырады. Мемлекет басшысы «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты ел халқына Жолдауында цифрландыру саласында қол жеткізілген нәтижелерді күшейтудің маңызын атап отті.
Жасанды интеллект технологияларын «Электронды үкімет» платформасына енгізу саласында жұмысты ерекше жандандыру қажет.
Бүгінде БҰҰ бағалауы бойынша Қазақстан цифрландыру саласында ілгері жетістіктерді көрсетіп отыр. Еліміз 193 мемлекеттің арасында 24-ші орында, сондай-ақ онлайн- қызметтер индексі бойынша 10 көшбасшының қатарына кіреді. Мысалы, интернет арқылы мемлекеттік қызметтерге қол жеткізу 92%-ға жетті.
Сонымен қатар биометриялық сәйкестендіру және QR-қолтаңба қызметтері енгізілуде, бұл электронды қызметтерді алу үдерісін едәуір жеңілдетті. 2024 жылы QR-кодтардың көмегімен 8 млн-нан астам қол койылды, ал Digital ID жүйесі арқылы 18 млн-нан астам сәйкестендіру жүргізілді.
«Электронды үкімет» платформасын жетілдіру және жаңғырту процесі үздіксіз және үшінші нұсқаға көшудің белсенді кезеніңде. Жаңа eGov ЖИ технологияларын қолдану арқылы айтарлықтай тұракты әрі ыңғайлы болады. Қазақстан Тәжікстан, Того, Сьерра-Леоне сияқты елдермен электронды үкімет саласындағы озық шешімдерін бөлісе бастады. Мемлекет тіркеуден бастап компанияларды таратуға дейінгі қолдаудың толық циклін қамтамасыз ете отырып, бизнес үшін де осындай сервистерді әзірлейді.
IT саласындагы инновациялар:
2024 жылы Қазакстанның ІТ саласы карқынды өсімді көрсетті. ІТ-компаниялардың, саны 18 683-ке жетті. Соңғы үш жылда 16% өсім. Міселен, елімізде «Astana Hub» халыкаралық технология паркі жұмыс істейді. Бүгінде ол Қазакстандағы IT-стартаптарды дамыту орталығы ретіндегі рөлін айқындады. Технопарк 1,5 мыңнан астам қатысушыны біріктірді. Олардың ішінде 1102 қазақстандық жіне 437 шетелдік компания бар. Қатысушылардың жалпы табысы 1,2 трлн теңгені кұрады.
Өсім соңғы бес жылда 31 есе артты. Биыл экспорттық түсім 140 млрд теңгеден асты. Төрт жылдағы жылдық өсім де 10 еседен астам.
Шымкент қаласында «Shymkent Hub» өнірлік технопаркінің, ашылу салтанаты өтті. Оған Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков және Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мідиев қатысты.
Жаңа орталықтың басты мақсаты - технологиялық кәсіпкерлікті дамыту, стартап-мәдениетті қалыптастыру, сондай-ақ, ІТ-саласын және цифрлық білім беруді қолдау.
Ашылу барысында ІТ-стартаптар, ІТ-компаниялар, робототехника мектептері және Tech Orda бағдарламасына қатысатын жеке IT-мектептер, сондай-ақ, Шымкент қаласының инновациялық жобаларының көрмесі ұйымдастырылды.
«Shymkent Hub» өз кезегінде «Astana Hub» білім беру және инкубациялық бағдарламаларын жүзеге асыруға
арналған платформа ретінде қызмет атқарады. Бұл орталықта белсенді IT-коғамдастықтың дамуына ықпал ететін түрлі іс-шаралар өткізіледі. Стартап-жобаларды әзірлеу кезінде қатысушылар кәсіпкерлік негіздерін меңгеріп, инвестиция тарту, қаржылық есеп жүргізу және басқа да маңызды дағдыларды үйренеді.
Қорытынды: Қазақстандағы цифрлық трансформацияның 2024 жылғы нәтижелері еліміздің қоғамдық өмірі мен экономикалық салаларындағы маңызды өзгерістерді көрсетеді. Мемлекет басшысы атап өткендей, цифрландыру саласындағы жетістіктерді нығайту, оның ішінде жасанды интеллектіні «Электронды үкімет» платформасына енгізу және биометриялық сәйкестендіру технологияларын енгізу – бұл заманауи мемлекет құрылысының негізі. Онлайн қызметтерге қолжетімділік, QR-қолтаңба мен Digital ID жүйелері, сондай-ақ электронды үкіметті жаңғырту еліміздің цифрлық инфрақұрылымын айтарлықтай жетілдіруде.
Сонымен қатар, Қазақстанның IT саласы да қарқынды дамып келеді. «Astana Hub» технопаркі мен «Shymkent Hub» өңірлік технопаркі сияқты инновациялық орталықтар еліміздегі IT-стартаптарды дамытуға және кәсіпкерлік экожүйені кеңейтуге ықпал етуде. Бұл бастамалар арқылы Қазақстан әлемдік цифрлық нарыққа өз үлесін қосып, шетелдік инвесторларды тартуға мүмкіндік тудыруда. Сонымен қатар, технопарктер жаңа білім беру және инкубациялық бағдарламаларды жүзеге асырып, жастар мен кәсіпкерлердің цифрлық дағдыларын арттыруда.
Цифрландыру мен инновациялар саласындағы осындай табыстар Қазақстанның әлемдік деңгейде бәсекеге қабілеттілігін арттырып, экономикасының тұрақты өсуін қамтамасыз етеді. Бұл бағыттағы жұмыс елдің әлеуметтік және экономикалық дамуына үлкен ықпал етіп, халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған маңызды қадам болып табылады.
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы

Обсудить
Другие статьи:
ШЫМКЕНТТЕ МЫРЫШ ОКСИДІН ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТТЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІ АШЫЛДЫ
27 Желтоқсан 2024, Жұма
КӨШЕ-ЖОЛ ЖЕЛІСІН ПАСПОРТТАУ ЖӘНЕ ДИАГНОСТИКАЛАУ
27 Желтоқсан 2024, Жұма
ШЫМКЕНТТЕ 2024 ЖЫЛЫ 1301 КӨШЕГЕ ЖАРЫҚТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
27 Желтоқсан 2024, Жұма
Похожие материалы:
Комментарии (0)