Шымкентте «ShymSafe360» жобасын іске асыру мәселесі талқыланды

«Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Шымкент қаласындағы Жастар ресурстық орталығында прокуратура, Полиция департаменті, «Қазақтелеком» АҚ, Өңірлік кәсіпкерлер палатасы және бизнес өкілдерінің қатысуымен жұмыс кездесуі өтті.⠀
⠀
Іс-шараның негізгі мақсаты – кәсіпкерлік нысандардағы бейнебақылау камераларын полицияның Жедел басқару орталығына қосу мүмкіндігін қарастыратын «ShymSafe360» жобасын іске асыру тетіктерін талқылау болды.⠀
⠀
Кездесу барысында аталған жобаның негізгі бағыты – қоғамдық қауіпсіздікті күшейту, құқық бұзушылықтардың алдын алу және оқиғаларға жедел әрекет ету тиімділігін арттыру екені атап өтілді. Сонымен қатар, бейнебақылау жүйесін интеграциялау бейнематериалдардың сақталуын қамтамасыз етіп, тәулік бойы жұмыс істейтін нысандардың қауіпсіздігін арттыруға және азаматтардың құқық қорғау органдарына деген сенімін нығайтуға ықпал ететіні айтылды.⠀
⠀
Мамандардың пікірінше, камераларды Жедел басқару орталығына қосу қылмыстарды анықтау мен олардың жолын кесуде тиімді құрал болып табылады. Бұл әсіресе «соқыр аймақтарды» азайтып, қалалық бақылау жүйесінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.⠀
⠀
Кездесу барысында кәсіпкерлерге жүйенің техникалық мүмкіндіктері, қосылу тәртібі және цифрлық шешімдерді енгізудің артықшылықтары жан-жақты түсіндірілді.⠀
⠀
Талқылау қорытындысы бойынша қатысушылардың ұсыныс-пікірлері ескеріліп, жобаны кезең-кезеңімен іске асыру және бейнебақылау жүйесінің қамту аясын кеңейту бойынша нақты ұсыныстар әзірленді.⠀
⠀
Жалпы, «ShymSafe360» жобасы цифрлық технологияларды тиімді пайдалану арқылы қауіпсіз қалалық ортаны қалыптастыруға және қоғамдық қауіпсіздік жүйесін күшейтуге бағытталған.
«Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Шымкент қаласындағы Жастар ресурстық орталығында прокуратура, Полиция департаменті, «Қазақтелеком» АҚ, Өңірлік кәсіпкерлер палатасы және бизнес өкілдерінің қатысуымен жұмыс кездесуі өтті.⠀⠀
Іс-шараның негізгі мақсаты – кәсіпкерлік нысандардағы бейнебақылау камераларын полицияның Жедел басқару орталығына қосу мүмкіндігін қарастыратын «ShymSafe360» жобасын іске асыру тетіктерін талқылау болды.⠀
⠀
Кездесу барысында аталған жобаның негізгі бағыты – қоғамдық қауіпсіздікті күшейту, құқық бұзушылықтардың алдын алу және оқиғаларға жедел әрекет ету тиімділігін арттыру екені атап өтілді. Сонымен қатар, бейнебақылау жүйесін интеграциялау бейнематериалдардың сақталуын қамтамасыз етіп, тәулік бойы жұмыс істейтін нысандардың қауіпсіздігін арттыруға және азаматтардың құқық қорғау органдарына деген сенімін нығайтуға ықпал ететіні айтылды.⠀
⠀
Мамандардың пікірінше, камераларды Жедел басқару орталығына қосу қылмыстарды анықтау мен олардың жолын кесуде тиімді құрал болып табылады. Бұл әсіресе «соқыр аймақтарды» азайтып, қалалық бақылау жүйесінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.⠀
⠀
Кездесу барысында кәсіпкерлерге жүйенің техникалық мүмкіндіктері, қосылу тәртібі және цифрлық шешімдерді енгізудің артықшылықтары жан-жақты түсіндірілді.⠀
⠀
Талқылау қорытындысы бойынша қатысушылардың ұсыныс-пікірлері ескеріліп, жобаны кезең-кезеңімен іске асыру және бейнебақылау жүйесінің қамту аясын кеңейту бойынша нақты ұсыныстар әзірленді.⠀
⠀
Жалпы, «ShymSafe360» жобасы цифрлық технологияларды тиімді пайдалану арқылы қауіпсіз қалалық ортаны қалыптастыруға және қоғамдық қауіпсіздік жүйесін күшейтуге бағытталған.
Обсудить
Другие статьи:
ПАРИЖ КӨРЕРМЕНДЕРІНЕ СЫР ӨНЕРПАЗДАРЫНЫҢ КОНЦЕРТІ ҰСЫНЫЛДЫ
25 Мамыр 2026, Дүйсенбі
Astana AI Film Festival халықаралық AI-фильмдер байқауы әлемнің түкпір-түкпіріндегі креаторлардан өтінім қабылдауды бастады
25 Мамыр 2026, Дүйсенбі
Молодежь выбирает закон и порядок: масштабный слёт «Жас сақшы» и волонтёров прошел в Шымкенте
25 Мамыр 2026, Дүйсенбі
Похожие материалы:
10 Қантар 2025, Жұма
4) ШЫМКЕНТ: Кәсіпкерлер палатасында жекеменшік білім беру ұйымдарының қауіпсіздігі мәселелері талқыланды
07 Қараша 2024, Бейсенбі
Түркістан облысы. “Қауіпсіз ел” ұлттық жобасы азаматтардың өмірін қорғауға, құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге және елдегі қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған.
24 Қазан 2024, Бейсенбі
Түркістан облысы. “Қауіпсіз ел” ұлттық жобасы – Қазақстан Республикасында азаматтардың қауіпсіздігін арттыруға және құқық қорғау жүйесін жетілдіруге бағытталған мемлекеттік бастама.
Комментарии (0)