4) ШЫМКЕНТ: Кәсіпкерлер палатасында жекеменшік білім беру ұйымдарының қауіпсіздігі мәселелері талқыланды
ШЫМКЕНТ: Кәсіпкерлер палатасында жекеменшік білім беру ұйымдарының қауіпсіздігі мәселелері талқыланды
Шымкент қаласында білім беру саласындағы кәсіпкерлердің салалық кеңесінің алғашқы отырысы өтті. Жиында жекеменшік білім беру ұйымдарының бейнебақылау жүйелерін жедел басқару орталығына (ЖБО) қосу мәселесі талқыланды. Полиция департаменті өкілдері бұл мәселеде бейнекамералардың сапасы мен қосылу тәртібі бойынша қиындықтар бар екенін айтты. Қазіргі таңда мемлекеттік мектептердің көпшілігі бір компания арқылы қосылған, ал жекеменшік мектептер түрлі провайдерлер арқылы қосылады. Осыған орай, білім беру ұйымдары ЖБО-ға қосылу үшін тиісті лицензиясы бар қызмет берушіні тауып, солар арқылы қосылуы керек.
Кәсіпкерлер палатасы мен басқа да қатысушылар тиісті шешім қабылдау үшін жұмыс тобын құрып, бірлесіп әрекет етуге келісті. Ал білім беру басқармасы осы үдерісті үйлестіріп, қажетті шараларды қабылдауы тиіс.
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы
Обсудить
Другие статьи:
Шымкент қалалық мәслихат төрағасы және Конституциялық комиссия мүшесі Бахадыр Нарымбетов референдум учаскесіне келіп өз таңдауын жасады.
15 Наурыз 2026, Жексенбі
Жалпыұлттық референдум барысында AMANAT партиясының
15 Наурыз 2026, Жексенбі
15 НАУРЫЗ – РЕФЕРЕНДУМ: ЭКОБЕК ПЕН ЭКОНАЙ ӨЗ ДАУЫСТАРЫН БЕРДІ
15 Наурыз 2026, Жексенбі
Похожие материалы:
03 Сәуір 2024, Сәрсенбі
АЙМАҚАРАЛЫҚ ФОРУМДА ХАЛЫҚТЫ ЕРТЕ ПІСЕТІН КӨКӨНІСТЕРМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАСТЫРЫЛДЫ
28 Желтоқсан 2023, Бейсенбі
ШЫМКЕНТТЕ «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 18 БІЛІМ НЫСАНЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖОСПАРЛАНҒАН
09 Қырқүйек 2023, Сенбі
Жекеменшік мектептердегі оқушыларды ыстық тамақпен қамту мәселесі талқыланды
Комментарии (0)




