ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУДЕ ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУДЕ ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Шымкент қаласындағы «Отырар» шағынауданында Тұран ауданы прокуратурасының басшылығы жергілікті тұрғындармен кездесу өткізді. Ашық форматтағы диалогтың негізгі тақырыбы Мемлекет басшысы бастамашылық еткен «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру болды.
Кездесуде прокуратура мен полиция өкілдері тұрғындармен интернет-алаяқтықтың алдын алу, сондай-ақ жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық мәселелерін кеңінен талқылады. Әсіресе, қарт азаматтарды интернет-алаяқтардан қорғау және жастарды «жеңіл табыс» уәде ететін күмәнді схемалардан сақтандыруға ерекше назар аударылды.
Тұран ауданы прокурорының орынбасары Ғалымжан Жаңабаев жиналғандарға аудандағы қазіргі ахуалға қатысты жан-жақты түсіндірме беріп, құқықтық тәртіпті нығайтудың маңызын атап өтті.
– Біздің басты міндетіміз — құқықбұзушылықтардың алдын алу және олардың орын алуына жол бермеу. Өздеріңіз білетіндей, Президентіміз ұсынған «Заң және тәртіп» қағидаты бар. Оның негізгі мақсаты — қоғамда құқықбұзушылықтарға «нөлдік төзімділік» қағидатын қалыптастыру, яғни әрбір заңбұзушылыққа міндетті түрде құқықтық шара қолданылуы тиіс. Егер әрбір азамат заңды қатаң сақтап, теріс әрекеттерге жол бермесе, қоғамда тәртіп те, қауіпсіздік те нығая түседі, – деді ол.
Кездесу соңында тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, құқық қорғау органдарының өкілдерінен нақты жауаптар алды.
Шымкент қаласындағы «Отырар» шағынауданында Тұран ауданы прокуратурасының басшылығы жергілікті тұрғындармен кездесу өткізді. Ашық форматтағы диалогтың негізгі тақырыбы Мемлекет басшысы бастамашылық еткен «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру болды.Кездесуде прокуратура мен полиция өкілдері тұрғындармен интернет-алаяқтықтың алдын алу, сондай-ақ жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық мәселелерін кеңінен талқылады. Әсіресе, қарт азаматтарды интернет-алаяқтардан қорғау және жастарды «жеңіл табыс» уәде ететін күмәнді схемалардан сақтандыруға ерекше назар аударылды.
Тұран ауданы прокурорының орынбасары Ғалымжан Жаңабаев жиналғандарға аудандағы қазіргі ахуалға қатысты жан-жақты түсіндірме беріп, құқықтық тәртіпті нығайтудың маңызын атап өтті.
– Біздің басты міндетіміз — құқықбұзушылықтардың алдын алу және олардың орын алуына жол бермеу. Өздеріңіз білетіндей, Президентіміз ұсынған «Заң және тәртіп» қағидаты бар. Оның негізгі мақсаты — қоғамда құқықбұзушылықтарға «нөлдік төзімділік» қағидатын қалыптастыру, яғни әрбір заңбұзушылыққа міндетті түрде құқықтық шара қолданылуы тиіс. Егер әрбір азамат заңды қатаң сақтап, теріс әрекеттерге жол бермесе, қоғамда тәртіп те, қауіпсіздік те нығая түседі, – деді ол.
Кездесу соңында тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, құқық қорғау органдарының өкілдерінен нақты жауаптар алды.
Обсудить
Другие статьи:
First in Kazakhstan: AlmaU Student Receives International ACCA Diploma under Dual Award Programme
12 Мамыр 2026, Сейсенбі
Первая в Казахстане: студентка AlmaU получила международный диплом ACCA по программе Dual Award
12 Мамыр 2026, Сейсенбі
Похожие материалы:
10 Қазан 2025, Жұма
Шымкент қаласы Полиция департаменті Тұран ауданы Полиция басқармасының жеке құрамында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жол кесу мәселелері бойынша жедел кеңес өтті
01 Қазан 2025, Сәрсенбі
Еңбекші ауданында қылмыстың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Цемент зауыты, Чапаев, Ворошилов, Көксай ш.а. - да кезекті рейдтік іс-шара өтті
02 Қазан 2025, Бейсенбі
Шымкент қаласында «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында көшпелі сот отырысы өтті
04 Қырқүйек 2025, Бейсенбі
«Заң мен Тәртіп» қағидаты аясындағы ашық кездесу: Қаратау ауданы прокуратурасы тұрғындармен жүздесті
Комментарии (0)


