Байланысқа арналған телефондар:
» » Шымкент университетінде жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында дөңгелек үстел өтті

Шымкент университетінде жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында дөңгелек үстел өтті

15 Қантар 2025, Сәрсенбі
7
0
Шымкент университетінде жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында дөңгелек үстел өтті

Шымкент университетінде құқықтық сауаттылықты арттыру және жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында «Заңды білу – заман талабы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Шараға Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Заңғарбек Усупахметов, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Марат Спатаев, Қаратау ауданы прокурорының орынбасары Ерлан Сәдібеков, Шымкент қаласы Қаратау ауданы прокуратурасының прокуроры Дінислам Әлжан, Шымкент қаласы экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басқарма басшысы Дәурен Тұрғынбай және Шымкент университетінің ректоры Нұрлыбек Сейтқұлов қатысты.

Дөңгелек үстел барысында спикерлер жастардың құқықтық сауаттылығын арттырудың маңыздылығына ерекше назар аударып, олардың қоғамдағы рөлін айқындауға бағытталған пікірлерімен бөлісті. – Құқықтық сауаттылық – әрбір азаматтың өз құқықтарын қорғауы мен міндеттерін орындауы үшін қажет маңызды құрал. Біздің қоғамда жастардың құқықтық білімін жетілдіру арқылы ғана құқық бұзушылықтардың алдын алуға болады. Құқық бұзушылықтардың басым бөлігі құқықтық сауаттың төмендігімен байланысты. Сондықтан жастарды ерте жастан заңға құрметпен қарауға және заңды дұрыс түсінуге үйретуіміз керек, – деп атап өткен Дәурен Тұрғынбай, жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың статистикасына тоқталды.

Сонымен қатар, кездесу барысында мамандар жастарға зиянды заттардың қауіптілігі, жаңа психоактивті заттардың таралуы жөнінде толыққанды мәліметтер беріп, одан аулақ болып, жеңіл ақша табудың құрбандарынан, сондай-ақ интернет алаяқтық, микрокредит сияқты заңсыз істерден мысалдар келтірді. Шара барысында студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, құқықтық кеңес алды. Сонымен қатар, жастар арасындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күрес жолдары, заңнамалық өзгерістер мен жаңа бастамалар талқыланды.

Шараның негізгі мақсаты – жастар арасында заңның қадірін түсіндіру, құқықтық білімді кеңінен насихаттау және құқық бұзушылықтың алдын алу болды. Осылайша, құқықтық сауаттылықты арттыру қоғамның болашағын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. 
Тілші: Жүрсінбай Аружан Сабырқызы 
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать