Шымкент қаласының Ішкі саясат басқармасы басшысы төрағалығымен қоғамдық бірлестіктер мен кәсіпкерлік субъектілері арасында отырысы өтті
Шымкент қаласының Ішкі саясат басқармасы басшысы төрағалығымен қоғамдық бірлестіктер мен кәсіпкерлік субъектілері арасында мемлекеттік наградалар мен рәміздердің заңды қолданылуын қамтамасыз ету мақсатында түсіндірме отырысы өтті.
Жиын барысында қолданыстағы заңнама талаптары, соның ішінде Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Заңына енгізілген өзгерістер кеңінен талқыланды.
Негізгі талаптар мен шектеулер:
Қоғамдық бірлестіктер тарапынан мемлекеттік наградаларға атауы немесе сыртқы келбеті бойынша толықтай немесе ішінара ұқсас ордендер мен медальдарды, төсбелгілерді тағайындауға және дайындауға заңмен тыйым салынады.
Мемлекеттік емес наградалармен Қазақстан Республикасының, халықтың немесе Мемлекет басшысының атынан марапаттауға жол берілмейді.
Кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік наградаларға ұқсас белгілерді дайындау мен өткізудің заңсыздығы, сондай-ақ бұл үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 674-бабы бойынша жауапкершілік қарастырылғаны ескертілді.
Мемлекеттік рәміздер мен наградалар — елдігіміздің беделі. Олардың қадірін түсіруге және коммерцияландыруға жол берілмейді. Сондай-ақ, барлық мемлекеттік органдар мен мекемелердің ғимараттарында қоғамдық наградалармен және өзге де атақтармен марапаттау шараларын өткізуге тыйым салынатыны ескертілді.
Жиын барысында қолданыстағы заңнама талаптары, соның ішінде Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Заңына енгізілген өзгерістер кеңінен талқыланды.Негізгі талаптар мен шектеулер:
Қоғамдық бірлестіктер тарапынан мемлекеттік наградаларға атауы немесе сыртқы келбеті бойынша толықтай немесе ішінара ұқсас ордендер мен медальдарды, төсбелгілерді тағайындауға және дайындауға заңмен тыйым салынады.
Мемлекеттік емес наградалармен Қазақстан Республикасының, халықтың немесе Мемлекет басшысының атынан марапаттауға жол берілмейді.
Кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік наградаларға ұқсас белгілерді дайындау мен өткізудің заңсыздығы, сондай-ақ бұл үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 674-бабы бойынша жауапкершілік қарастырылғаны ескертілді.
Мемлекеттік рәміздер мен наградалар — елдігіміздің беделі. Олардың қадірін түсіруге және коммерцияландыруға жол берілмейді. Сондай-ақ, барлық мемлекеттік органдар мен мекемелердің ғимараттарында қоғамдық наградалармен және өзге де атақтармен марапаттау шараларын өткізуге тыйым салынатыны ескертілді.
Обсудить
Другие статьи:
В ШЫМКЕНТЕ ВПЕРВЫЕ В КАЗАХСТАНЕ ВНЕДРЕНА СИСТЕМА СМАРТ-ВИДЕОЖЕТОНОВ ДЛЯ БРИГАД СКОРОЙ МЕДИЦИНСКОЙ ПОМОЩИ
17 Маусым 2026, Сәрсенбі
Похожие материалы:
24 Қантар 2026, Сенбі
Бүгін Контитуциялық Реформалар реформалар жөніндегі комисмияның алғашқы отырысы өтуде.
18 Қантар 2025, Сенбі
1) Шымкент қаласында Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілдігі жанындағы Сараптамалық кеңестің алғашқы отырысы өтті.
03 Маусым 2024, Дүйсенбі
ТУРИЗМ, СЫРТҚЫ БАЙЛАНЫСТАР ЖӘНЕ КРЕАТИВТІ ИНДУСТРИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Комментарии (0)



