ҚЫЗЫЛОРДА: ҒАРЫШКЕР КЕЙПІНДЕГІ ЕРЕКШЕ САЙЛАУШЫ
Байқоңыр қаласындағы №122 сайлау учаскесіне ерекше киімдегі сайлаушы келіп, көпшіліктің назарын аударды.Қаланың белсенді азаматы Құрылтай депутаттарының сайлауына ғарышкер костюмін киіп келіп, өзінің азаматтық таңдауын жасады.
Ғарыш әлемімен тығыз байланысты Байқоңыр қаласында мұндай бейненің сайлау учаскесінде көрініс табуы көпшіліктің қызығушылығын тудырып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Тұрғындар онымен естелік суретке түсіп, жылы лебіздерін білдірді.
Байқоңыр – адамзаттың ғарышты игеру тарихында айрықша орны бар, алғашқы ғарыш сапары басталған тарихи мекен.
Осыған орай ғарышкер бейнесіндегі азаматтың дәл осы қаладағы сайлау учаскесіне келіп, дауыс беруі символдық мәнге ие болды.
Обсудить
Другие статьи:
В СЕГОДНЯШНЕМ ГОЛОСОВАНИИ ЖИТЕЛИ ГОРОДА ПРОЯВИЛИ АКТИВНОСТЬ
23 Тамыз 2026, Жексенбі
День, который объединил страну: Как прошли первые выборы в Курултай
23 Тамыз 2026, Жексенбі
Елді біріктірген күн: Құрылтайдың алғашқы сайлауы қалай өттi
23 Тамыз 2026, Жексенбі
Похожие материалы:
23 Тамыз 2026, Жексенбі
Белгілі опера әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Майра Мұхамедқызы өз таңдауын жасады
Комментарии (0)





