ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА ШАХМАТ ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Шымкентте мемлекеттік қызметшілер арасында «Үкіметтік шахмат кубогы – 2026» турнирі басталды.Қажымұқан атындағы Орталық стадионда өтіп жатқан зияткерлік сайысқа қаладағы мемлекеттік қызметшілер қатысып, шахматтан өзара бақ сынауда.
Турнирдің мақсаты – мемлекеттік қызметшілер арасында шахматты кеңінен насихаттау, стратегиялық және аналитикалық ойлау қабілетін дамыту, сондай-ақ кәсіби қарым-қатынасты нығайту.
Жарыс швейцариялық жүйе бойынша өткізіліп, қатысушылар классикалық шахмат және блиц бойынша сынға түседі. Сайыс қорытындысында жеке жеңімпаздар анықталып, республикалық кезеңге қатысатын қала құрамасы жасақталады.
Айта кетейік, Шымкент соңғы жылдары шахматты дамыту бағытындағы ірі жарыстардың алаңына айналып келеді. Биыл қалада халықаралық және республикалық деңгейдегі бірқатар шахмат турнирлері ұйымдастырылды.
Обсудить
Другие статьи:
GreenHack Kazakhstan: Жас инноваторлар экологияны құтқаруға шығады
15 Қазан 2026, Бейсенбі
Ұлағат шағынауданы тұрғындары орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосылды
15 Қазан 2026, Бейсенбі
Шымкент делегациясы Женевада: тұрақты қалалар болашағын талқылады
15 Қазан 2026, Бейсенбі
Похожие материалы:
12 Наурыз 2026, Бейсенбі
Шымкентте шахмат шеберлері бас қосты: әлемдік жарыстарға жолдама сарапқа салынады
Комментарии (0)





