Шымкентте мергендер арасындағы ел чемпионаты басталды

Шымкент қаласында нысана көздеуден Қазақстан Республикасының командалық чемпионаты басталды. 19–25 ақпан аралығында өтіп жатқан ел біріншілігіне Қазақстанның 9 өңірінен 123 үздік спортшы қатысуда.
Жарыс бағдарламасына сәйкес, мергендер винтовка, пистолет және жылжымалы нысана бойынша 12 командалық жаттығу мен 3 аралас жұптық (Mixed Team) сайыста бақ сынайды. Бәсекелер Олимпиада стандарттарына сай швейцариялық SIUS ASCOR электронды жүйелерімен жабдықталған «ШГК ШВСМ» тирінде және «Shooting Plaza Shymkent» орталығында ұйымдастырылуда.
Турнирдің алғашқы нәтижелері бойынша пневматикалық винтовкадан ерлер арасындағы 10 метрлік қашықтықта Алматы қаласының құрамасы жеңіске жетті. Екінші орынды Шымкент қаласының спортшылары иеленсе, үшінші орын Павлодар облысы командасына бұйырды.
Жарыстың бас төрешісі, халықаралық дәрежедегі маман Варвара Юркова чемпионаттың маңыздылығына тоқталды. Оның айтуынша, дәл осы дода қорытындысы бойынша алдағы Әлем кубоктары мен халықаралық турнирлерге қатысатын спортшылар іріктеледі.
Қатысушылар арасында бәсекелестік жоғары. Астана қаласынан келген жас мерген Асылым Жақия жақында Үндістанда өткен Азия чемпионатынан оралғанын айтып, қазіргі таңда 25 метрлік қашықтықта пистолетпен атудан сынға түсіп жатқанын жеткізді. 18 жастағы спортшы нысана көздеумен 13 жасынан бері айналысады.
Аталған чемпионаттың негізгі мақсаты — биыл Жапонияда өтетін ХХ Азия ойындары мен Катардағы Әлем чемпионатына қатысатын ұлттық құраманың негізгі құрамын жасақтау.
Сондай-ақ жарыс аясында өткен бапкерлер кеңесінде іріктеу критерийлері мен 2026 жылға арналған спорттық күнтізбе нақтыланды. Чемпионат қорытындысы бойынша барлық қатысушылар міндетті антидопингтік бақылаудан өтеді.
Айта кетейік, ел біріншілігі отандық мергендердің шеберлігін шыңдап, халықаралық аренада ел намысын қорғайтын спортшыларды анықтауға мүмкіндік береді.
Шымкент қаласында нысана көздеуден Қазақстан Республикасының командалық чемпионаты басталды. 19–25 ақпан аралығында өтіп жатқан ел біріншілігіне Қазақстанның 9 өңірінен 123 үздік спортшы қатысуда.Жарыс бағдарламасына сәйкес, мергендер винтовка, пистолет және жылжымалы нысана бойынша 12 командалық жаттығу мен 3 аралас жұптық (Mixed Team) сайыста бақ сынайды. Бәсекелер Олимпиада стандарттарына сай швейцариялық SIUS ASCOR электронды жүйелерімен жабдықталған «ШГК ШВСМ» тирінде және «Shooting Plaza Shymkent» орталығында ұйымдастырылуда.
Турнирдің алғашқы нәтижелері бойынша пневматикалық винтовкадан ерлер арасындағы 10 метрлік қашықтықта Алматы қаласының құрамасы жеңіске жетті. Екінші орынды Шымкент қаласының спортшылары иеленсе, үшінші орын Павлодар облысы командасына бұйырды.
Жарыстың бас төрешісі, халықаралық дәрежедегі маман Варвара Юркова чемпионаттың маңыздылығына тоқталды. Оның айтуынша, дәл осы дода қорытындысы бойынша алдағы Әлем кубоктары мен халықаралық турнирлерге қатысатын спортшылар іріктеледі.
Қатысушылар арасында бәсекелестік жоғары. Астана қаласынан келген жас мерген Асылым Жақия жақында Үндістанда өткен Азия чемпионатынан оралғанын айтып, қазіргі таңда 25 метрлік қашықтықта пистолетпен атудан сынға түсіп жатқанын жеткізді. 18 жастағы спортшы нысана көздеумен 13 жасынан бері айналысады.
Аталған чемпионаттың негізгі мақсаты — биыл Жапонияда өтетін ХХ Азия ойындары мен Катардағы Әлем чемпионатына қатысатын ұлттық құраманың негізгі құрамын жасақтау.
Сондай-ақ жарыс аясында өткен бапкерлер кеңесінде іріктеу критерийлері мен 2026 жылға арналған спорттық күнтізбе нақтыланды. Чемпионат қорытындысы бойынша барлық қатысушылар міндетті антидопингтік бақылаудан өтеді.
Айта кетейік, ел біріншілігі отандық мергендердің шеберлігін шыңдап, халықаралық аренада ел намысын қорғайтын спортшыларды анықтауға мүмкіндік береді.
Обсудить
Другие статьи:
Шымкентте конькимен мәнерлеп сырғанаудан ҚР Кубогының І кезеңі аяқталды
20 Ақпан 2026, Жұма
Шымкентте мергендер арасындағы ел чемпионаты басталды
20 Ақпан 2026, Жұма
Шымкент: Мәслихат депутаттары Еңбекші ауданы тұрғындарымен кездесті
20 Ақпан 2026, Жұма
Похожие материалы:
20 Қантар 2025, Дүйсенбі
7) ТАРИХИ ЖЕҢІС: ШЫМКЕНТТІК СПОРТШЫ ФРИСТАЙЛ-АКРОБАТИКАДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
Комментарии (0)