2) ШЫМКЕНТТЕ БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫН ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН САДАҚ АТУ ТУРНИРІ ӨТТІ
ШЫМКЕНТТЕ БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫН ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН САДАҚ АТУ ТУРНИРІ ӨТТІ
Шымкентте Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлын еске алуға арналған дәстүрлі садақ ату турнирі өтті. Жарысқа Түркістан, Жамбыл облыстары мен Астана қаласынан 20 спортшы қатысып, өз шеберліктерін сынады. Турнирдің мақсаты – Шымкент қаласының құрама командасын халықаралық “Азия кубогы” мен қала чемпионатына дайындау болды. Сайысқа “Садақ Шымкент” федерациясы демеушілік көрсетті.
Жарыс нәтижесінде жеңімпаздар мен жүлдегерлер бағалы сыйлықтар және дипломдармен марапатталды. Шаһардың садақ ату спортының жаттықтырушысы Жәнібек Құлмырзаев бұл турнирдің спортшылардың шеберлігін арттыруға және ұлттық спортты кеңінен насихаттауға маңызды үлес қосатынын атап өтті.
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы
Обсудить
Другие статьи:
Шымкент өнеркәсібі жаңа биіктерге: зауыттар кеңейеді, әуежай жаңарады
27 Қазан 2026, Сейсенбі
Шымкент жолдары: Бектенов тәртіп орнатуды талап етті
27 Қазан 2026, Сейсенбі
Шымкент аспанында мың жел диірмен: Республика күні ерекше мерекеге айналды
27 Қазан 2026, Сейсенбі
Похожие материалы:
Комментарии (0)






