ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жастармен және экобелсенділермен бірге Астанадағы Президент саябағының аумағына ағаш отырғызды.Президенттің қатысуымен өткен экологиялық шара табиғатты қорғау, қоршаған ортаны таза ұстау және елді мекендерді көгалдандыру ісіне қоғамның белсенді атсалысуының маңызын көрсетті.
Мемлекет басшысы сондай-ақ жауапты мемлекеттік органдар басшыларының атқарған жұмысы туралы есептерін тыңдады. «Таза Қазақстан» бастамасы ел бойынша экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған жүйелі жұмыстардың бір бөлігіне айналып келеді.
Бүгін еліміздің барлық өңірінде World Cleanup Day – Бүкіләлемдік тазалық күні мен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жалпықалалық сенбіліктер ұйымдастырылды. Тұрғындар, жастар, еріктілер, экобелсенділер және мемлекеттік мекеме қызметкерлері аумақтарды тазалап, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына қатысты.
Бастама аясында Мемлекет басшысына ел көлемінде атқарылып жатқан жұмыстар туралы да баяндалды. «Таза Қазақстан» бастамасы жүзеге асырыла бастағаннан бері 2 мыңнан астам экологиялық іс-шара өткізіліп, 3,8 миллион тонна қоқыс жиналды. Сонымен қатар 10 мыңға жуық қоқыс төгетін орын жойылды.
Таза әрі жайлы орта қалыптастыру – мемлекеттік органдармен қатар әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі.
Обсудить
Другие статьи:
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ
19 Қырқүйек 2026, Сенбі
АКИМ ШЫМКЕНТА ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ЭКОЛОГИЧЕСКОЙ АКЦИИ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»
19 Қырқүйек 2026, Сенбі
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ
19 Қырқүйек 2026, Сенбі
Похожие материалы:
28 Мамыр 2026, Бейсенбі
СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ШАРА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
06 Мамыр 2026, Сәрсенбі
«Таза Қазақстан»: Астанада ескерткіштер аумағында тазалық жұмысы жүріп жатыр
24 Сәуір 2026, Жұма
Қызылордада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті ауқымды шара өтті
27 Желтоқсан 2024, Жұма
#Жыл_қорытындысы: «Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді
Комментарии (0)


