АДАМ ӨМІРІ – ЕҢ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ

Шымкент қаласының «Достық үйі» ғимаратында қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясыжанындағы Ақсақалдар және Аналар кеңесінің бірлескен отырысы өтті. Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының маңызы түсіндіріліп, мазмұнды баяндамалар жасалды.Жиынға кеңес мүшелері мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты.
Кездесуде Шымкент қаласы ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Гүлжан Сүгірбаева жаңа Конституцияда дәстүрлі ұлттық құндылықтарды сақтау мен отбасы институтын нығайтуға бағытталған жүйелі өзгерістер қамтылғанын атап өтті. Оның айтуынша, құжаттың кіріспе бөлігі жаңартылып, Ұлы даланың тарихи сабақтастығына сүйене отырып, Ата Заңның негізгі мақсат-міндеттері айқындалған.
Спикер сондай-ақ отбасы, неке, ұлттық бірлік секілді құндылықтарды қорғау, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын тең дәрежеде қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше мән берілгенін жеткізді. Бұдан бөлек, жаңа Конституцияда адам капиталы, білім, ғылым және инновацияны дамыту мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағыты ретінде белгіленгені айтылды.
Қалалық ҚХА жанындағы Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Досыбай Шерімқұлов өз сөзінде Ата Заң жобасының ел бірлігі мен қоғамдық келісімді нығайтудағы рөліне тоқталды. Оның пікірінше, жаңа
Конституция қазіргі заман талаптарына, қоғам сұранысына және мемлекеттің стратегиялық даму мақсаттарына толық сәйкес келеді.
Жиын барысында кеңес мүшелері мен этномәдени бірлестік өкілдері де өз ой-пікірлерін білдіріп, Конституциялық реформалардың маңызын атап өтті. Кездесу қорытындысында қатысушылар жаңа Конституцияда адам өмірі мен құқығы ең басты құндылық ретінде айқындалғанын ерекше атап өтіп, жаңа құжатқа қолдау білдірді.
Обсудить
Другие статьи:
Шымкенттің жүрегіндегі жаңару: Ы. Алтынсарин көшесі жаңа өмірге қадам басты
11 Қырқүйек 2026, Жұма
Шұбаркөл көшесінде жаңартылған жол: қала тұрғындары ұзақ күткен өзгеріске куә болды
11 Қырқүйек 2026, Жұма
Шымкент жылу желілері тексерілді: қыс маусымына дайындық үстінде
11 Қырқүйек 2026, Жұма
Похожие материалы:
10 Ақпан 2026, Сейсенбі
Шымкентте этномәдени бірлестік өкілдері жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді
10 Ақпан 2026, Сейсенбі
Шымкентте этномәдени бірлестік өкілдері жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді
09 Ақпан 2026, Дүйсенбі
Жаңа Конятитуция: Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуына ерекше маңыз берілуде
21 Тамыз 2025, Бейсенбі
ШЫМКЕНТТЕ ҚХА МҮШЕЛЕРІ «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 532 ОҚУШЫҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТТІ
Комментарии (0)


