ШЫМКЕНТТЕ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР МЕН ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Шымкент қалалық ардагерлер ұйымының ұйымдастыруымен «Ұлттық құндылықтар аясындағы рухани тәрбие – ұрпақтар сабақтастығының негізі» тақырыбында форум өтті. Жиынның негізгі мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, рухани тәрбиенің маңызын арттыру және аға буын мен жас ұрпақ арасындағы сабақтастықты нығайту.Форумға «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі орталық кеңесінің төрағасы Әбілғазы Қалиақпарұлы Құсайынов, қалалық ардагерлер ұйымының төрағасы Кенжехан Атақұлұлы Төлебаев, зиялы қауым өкілдері, білім беру ұйымдарының басшылары, жастар және дін саласының өкілдері қатысты.
Жиында ұлттық тәрбие, тарихи сана, дәстүрлі дін мен ұлттық бірегейлік, отбасы құндылықтары және жастардың азаматтық жауапкершілігі туралы мәселелер қозғалды. Қазақстанның еңбек сіңірген қоғам-заң қайраткері Бекет Тұрғараұлы Тұрғараев «Алтын Орда – тарихи сана мен бабалар аманаты» тақырыбында сөз сөйлесе, Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов дәстүрлі дін мен ұлттық бірегейліктің сабақтастығына тоқталды.
Сондай-ақ «Жанұя жарасымы» отбасыларға кеңес беру орталығының басшысы Асылбек Әуезханұлы Ноғаев отбасы құндылықтарын дәріптеу мәселесін көтерді. Қалалық ардагерлер кеңесінің пленум мүшесі Әбила Көздібайқызы Көздібаева жастар тәрбиесі мен жасампаз патриотизмнің маңызын атап өтті. Ал қалалық Жастар ресурстық орталығының басшысы Жансерік Бауыржанұлы Жұман үлкенді құрметтеу және салауатты өмір салтын қалыптастыру тақырыптарын қозғады.
Форум қорытындысында ұлттық құндылықтарды сақтау, ұрпақ тәрбиесіне ортақ жауапкершілікпен қарау және қоғамдағы рухани сабақтастықты нығайту жөніндегі ұсыныстар талқыланды. Қала әкімінің орынбасары Сәрсен Абайұлы Құранбек қорытынды сөз сөйлеп, жиын аясында форум шешімі мен қала тұрғындарына арналған үндеу жобасын қабылдау мәселесі қаралды.
Толығырақ: https://www.youtube.com/live/JbNhVEuPNG0?si=-fv8FDkFsWwTm9y5
#РСКШЫМКЕНТ #БРИФИНГ
Обсудить
Другие статьи:
ШЫМКЕНТТЕ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР МЕН ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
30 Қазан 2026, Жұма
АБАЙ АУДАНЫНДА КӨШЕЛЕРДІ ЖАРЫҚТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ТОЛЫҚ АЯҚТАЛДЫ
30 Қазан 2026, Жұма
ВАКЦИНАЦИЯ – ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ
30 Қазан 2026, Жұма
Похожие материалы:
04 Қырқүйек 2026, Жұма
Қызылордада Мемлекет басшысының «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» кітабы талқыланды
03 Қырқүйек 2026, Бейсенбі
Қызылордада Мемлекет басшысының «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» кітабы талқыланды
Комментарии (0)




