ҰЛТТЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ ТУБЕРКУЛЕЗ ҚОЗДЫРҒЫШЫНЫҢ ДӘРІЛЕРГЕ СЕЗІМТАЛДЫЛЫҒЫН АНЫҚТАУДЫҢ ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕРІН ЕНГІЗУДЕ
Қазақстан Республикасының Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы (ҚР ҰФҒО) Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) супраұлттық референс-зертханаларымен бірлесіп, туберкулезді зертханалық диагностикалаудың заманауи әдістерін меңгеріп, еліміздің өңірлеріне енгізуде.Алғашқы кезеңде, 2000–2024 жылдары, ҚР ҰФҒО Ұлттық референс-зертханасы ДДСҰ-ның Гаутинг қаласындағы (Германия) туберкулез жөніндегі супраұлттық референс-зертханасымен ынтымақтастық орнатты. 2025 жылдан бастап бұл жұмыс Германиядағы Борстель зерттеу орталығы – Лейбниц өкпе зерттеу орталығының микобактериялар жөніндегі ұлттық және ДДСҰ супраұлттық референс-орталығымен жалғасты. Осы әріптестік өңірлік зертханаларға әдістемелік қолдау көрсетуге, зерттеулердің сапасын сыртқы бағалауды ұйымдастыруға және туберкулез қоздырғышының дәрілік сезімталдығын анықтаудың заманауи әдістерін енгізуге мүмкіндік берді.
Осы жұмыстың нақты нәтижелерінің бірі – туберкулез микобактерияларының бедаквилинге, линезолидке және клофазиминге сезімталдығын анықтау әдісінің енгізілуі. Бұл препараттар дәріге төзімді туберкулезді емдеуде қолданылады. Әдістеме Ұлттық референс-зертханада пысықталып, бағаланғаннан кейін өңірлік зертханаларға кезең-кезеңімен енгізілді. Зерттеу нәтижелері дәрігерлерге қоздырғыштың анықталған дәрілік төзімділігін ескере отырып, тиімді емдеу схемасын таңдауға көмектеседі. Бұл, әсіресе, дәрілерді тек ауыз арқылы қабылдауға негізделген қысқа мерзімді емдеу схемаларын таңдауда маңызды.
Ұлттық референс-зертханада толық геномды секвенирлеу әдісі де енгізілді. Бұл әдіс туберкулез қоздырғышының генетикалық ерекшеліктерін зерттеуге және дәріге төзімділікпен байланысты мутацияларды анықтауға мүмкіндік береді.
Обсудить
Другие статьи:
FITCH RATINGS «САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ҚОРЫНЫҢ РЕЙТИНГТЕРІН ТҰРАҚТЫ БОЛЖАММЕН РАСТАДЫ
23 Қараша 2026, Дүйсенбі
Жаңа Азаматтық кодекс: мәмілелерді жасау және оларды жарамсыз деп тану кезіндегі құқықтық айқындық
23 Қараша 2026, Дүйсенбі
Похожие материалы:
16 Қараша 2026, Дүйсенбі
AUEZOV UNIVERSITY-ДЕ ӨҢІР ҒЫЛЫМЫН ДАМЫТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ФОРСАЙТ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
05 Қараша 2026, Бейсенбі
Қазақстан жол диагностикасына жапондық технологияларды енгізу мүмкіндігін қарастырады
08 Желтоқсан 2023, Жұма
ШЫМКЕНТТЕ ТҰҢҒЫШ РЕТ ОЗЫҚ ҮЛГІДЕГІ ЗЕРТХАНАЛЫҚ АВТОМАТТЫ АНАЛИЗАТОР ОРНАТЫЛДЫ
Комментарии (0)



