8) Түркістандық делегация ЖОО басшыларымен кездесті
Түркістандық делегация ЖОО басшыларымен кездесті
Түркістан облысынан құрылған жұмысшы топтың Солтүстік және Шығыс Қазақстан өңірлеріне жасаған іссапары аясында жастармен кездесу және ынтымақтастық орнату жұмыстарын бастау алды. Бұл сапар «Серпін – 2050 мәңгілік ел жастары – индустрияға» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асуда. Жұмыс тобы алғаш рет Өскемен қаласындағы Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетіне барып, университеттің ғылыми зерттеу орталығы, үздіксіз және инклюзивті білім беру орталығы, жатақхана және IT мен жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің жұмысымен танысты. Бүгінде осы университетте 472 студент «Серпін – 2050» бағдарламасы бойынша білім алып жатыр, оның ішінде Түркістан облысынан 201 студент бар.
Сонымен қатар, жұмысшы топ Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде болып, студенттермен кездесіп, шеберханалар мен ғылыми орталықтарды аралады. Сондай-ақ, Қазақстан-неміс институтында болып, студенттер үйіндегі жастардың жағдайымен танысты. Семей қаласында Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің оқу базасы мен студенттермен кездесулер ұйымдастырылды.
Бұл сапар нәтижесінде, Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті, Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті мен Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.
Жұмысшы топтың іссапары Семей қаласындағы А.Бөкейхан университеті мен Павлодар облысындағы Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті, С.Торайғыров университеті және Инновациялық Еуразиялық университетте жалғасатын болады.
Тілші: Түймебай Аяжан Лениншілқызы
Тілші: Түймебай Аяжан Лениншілқызы
Обсудить
Другие статьи:
Мемлекеттің біртұтастығы, Қазақстан аумағының тұтастығы, бөлінбейтіндігі және оған қол сұғылмаушылығы туралы норма өзгеріссіз қалады – Конституциялық комиссия
28 Қантар 2026, Сәрсенбі
ШЫМКЕНТ: 100 МҰҒАЛІМГЕ ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ГРАНТЫ БЕРІЛЕДІ
28 Қантар 2026, Сәрсенбі
АСАР-2 ШАҒЫНАУДАНЫНДА ТАҒЫ 23 ОТБАСЫ ЖАҢА ПӘТЕРЛЕРГЕ ИЕ БОЛДЫ
27 Қантар 2026, Сейсенбі
Похожие материалы:
26 Маусым 2024, Сәрсенбі
СИАНЬ САПАРЫ: ШЫМКЕНТТІК ДЕЛЕГАЦИЯ ҚЫТАЙЛЫҚ КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫМЕН ТАНЫСТЫ
Комментарии (0)





