Байланысқа арналған телефондар:
» » «Касперский зертханасы» Google сервисі арқылы тараған өтемақы туралы алаяқтық хаттарды анықтады

«Касперский зертханасы» Google сервисі арқылы тараған өтемақы туралы алаяқтық хаттарды анықтады

20 Қараша 2026, Жұма
213
0
«Касперский зертханасының» сарапшылары орыс тілінде таралып жатқан алаяқтық хаттарды анықтады. Қаскөйлер оларды жіберу үшін Google Data Studio сервисін пайдаланады. Хатта адамдарға өтемақы алуды рәсімдеу немесе мақұлданды деп көрсетілген ақша аударымын растау ұсынылады. Мамандар бұл туралы Ташкенттегі Kaspersky CyberSecurity Weekend 2026 конференциясы қарсаңында айтты.
Алаяқтық схема қалай жұмыс істейді.Хатта пайдаланушыға жұмсаған шығыны үшін өтемақы алу, қосымша төлем рәсімдеу немесе қаржы ұйымы мақұлдады делінген аударымды қабылдау ұсынылады. Ол үшін Google Презентациялар сервисіндегі құжатты не Google Формалар арқылы жасалған сауалнаманы ашу сұралады. Бұл құжаттарда алаяқтар өтемақы туралы жалған ақпарат береді. Хабарламаны сенімді көрсету үшін заңға өзгерістер енгізілгенін және өтемақы төлеу мерзімі ұзартылғанын айтады. Мемлекеттік рәміздердің суреттерін және төлем кімдерге берілетіні туралы мәліметтерді де қосады. Бірақ құжаттар мен сауалнамалардағы сілтемелер пайдаланушыны алаяқтық сайттарға апарады.
Хаттар қалай таратылады.Қаскөйлер Google Data Studio сервисіндегі есептерді электрондық пошта арқылы алдын ала белгіленген уақытта жіберу функциясын пайдаланады. Алдымен жалған ұсыныс пен сілтемесі бар құжат жасайды. Содан кейін ықтимал құрбандардың электрондық пошта мекенжайларын енгізіп, автоматты жіберуді баптайды. Осылайша хаттар пайдаланушыларға Google-дың ресми сервисі арқылы келеді. Тағы бір ерекшелігі — жіберу уақыты. Сервис хаттарды тек сағат басына немесе ортасына жоспарлауға мүмкіндік береді. Сондықтан олар көбіне осы уақытта, кейде бір минут айырмашылықпен түседі.
Таныс сервиске де сақтықпен қарау керек.Бұл схемада алаяқтар Google-дың ресми сервисін пайдаланады. Хаттарда Google Data Studio атауы, логотипі мен қолтаңбасы көрінеді. Сондықтан алушы хабарламаны шынайы деп ойлауы мүмкін.
«Ақшалай төлем туралы уәде — алаяқтардың бұрыннан қолданатын айласы. Олар өтемақы, күтпеген төлем немесе оңай табыс ұсынады. Осылайша адамның қызығушылығын оятып, ақшаны тез алуға асықтырады. Мұндай ұсыныс белгілі онлайн сервис арқылы келсе, сенімдірек көрінуі мүмкін. Бірақ хаттың ресми платформа арқылы жіберілуі ондағы ақпараттың рас екенін білдірмейді. Әсіресе күтпеген жерден келген, сілтемеге өтуді немесе қосымша әрекет жасауды сұрайтын хабарламаларға мұқият қарау қажет», — дейді «Касперский зертханасының» спамды талдау жөніндегі аға сарапшысы Анна Осипова.
«Алаяқтар хабарламаларын тарату және адамдарды фишингтік сайттарға бағыттау үшін танымал онлайн сервистерді қолдануды жалғастырып келеді. Олар пайдаланушылардың белгілі платформаларға сенетініне сүйенеді. Адам таныс логотипті, ресми сервистің мекенжайын немесе Google сілтемесін көргенде қауіптенбеуі мүмкін. Алайда хаттың ресми сервис арқылы келуі де, танымал сайттарға сілтеме болуы да оның қауіпсіздігіне кепіл емес. Оның үстіне заңды сервистер арқылы тараған спамды қорғаныс жүйелеріне бұғаттау қиынырақ», — дейді Kaspersky GReAT сарапшысы Константин Исаков.
Алаяқтардың құрбаны болмау үшін «Касперский зертханасының» сарапшылары мынадай кеңес береді:
  • ·ақша аударымы, өтемақы немесе мемлекеттік төлем туралы күтпеген хабарламаға, тіпті ол танымал сервис арқылы келсе де, сақтықпен қарау;
  • ·мемлекеттік қолдау шаралары туралы мәліметті күмәнді хаттағы сілтемеден емес, тиісті мемлекеттік органның ресми сайтынан тексеру;
  • ·күмәнді сайттарға жеке деректерді, банк картасының мәліметтерін және растау кодтарын енгізбеу;
  • ·фишингтік және алаяқтық сайттарға өтуді анықтап, бұғаттайтын сенімді қорғаныс шешімін, мысалы, KasperskyPremiumөнімін пайдалану.
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать