Әрбір бесінші боттың кодында жасанды интеллект қолданылғаны байқалады
Kaspersky Fraud Prevention сарапшылары 2026 жылы ашық репозиторийлерде жарияланған бот әзірлеу жобаларын зерттеді. Нәтижесінде әрбір бесінші жобада (21%) жасанды интеллект (ЖИ) қолданылғанының белгілерін анықтады*. Мұндай боттар пайдаланушылардың әрекетін қайталайды. Қаскөйлер оларды тауарлар мен билеттерді жаппай сатып алу, жалған аккаунттар ашу сияқты заңсыз әрекеттерді автоматтандыруға пайдалана алады. Бұл бизнеске қаржылық шығын келтіруі және оның жұмысына кедергі жасауы мүмкін.2025–2026 жылдары ЖИ қолданылғанының белгілері көбіне автоматтандырылған әрекеттерді анықтау жүйелерін айналып өтетін боттарда (19%) және формаларды автоматты түрде толтыратын бағдарламаларда (15%) кездескен. ЖИ CAPTCHA тексеруінен өтетін боттарды (9%), сондай-ақ саны шектеулі тауарлар мен билеттерді автоматты түрде сатып алатын боттарды (7%) жасау кезінде де қолданылған.
«Жасанды интеллект бот жасауды жылдамдатып, жеңілдетеді. Қазіргі құралдардың көмегімен қаскөйлер бұрынғыдан да көп әрекетті автоматтандырып, олардың ауқымын кеңейте алады. Бұл бизнес үшін жаңа міндет туғызады: нақты клиенттің әрекетін жасанды белсенділіктен ажыратып, күмәнді әрекеттерді дер кезінде анықтау қажет», – дейді Kaspersky Fraud Prevention антифрод-талдау тобының жетекшісі Дмитрий Голованов.
Мұндай қауіптерден қорғану үшін компаниялар алаяқтық пен автоматтандырылған әрекеттерді анықтайтын технологияларды, соның ішінде Kaspersky Fraud Prevention шешімін қолдана алады. Ол қаржы, бөлшек сауда және көлік сияқты түрлі салалардағы ұйымдардың цифрлық сервистерінде боттардың белсенділігін және күмәнді әрекеттерді анықтауға көмектеседі.
* Сарапшылар 2022 жылдан 2026 жылға дейінгі ашық бастапқы коды бар жобаларды зерттеді. Олар жобалардың әзірлену тарихынан ЖИ құралдары қолданылғанын көрсететін белгілер мен аталымдарды іздеді.
«Касперский зертханасы» туралы
«Касперский зертаханасы» – 1997 жылдан бері ақпараттық қауіпсіздік пен цифрлық құпиялылық саласында жұмыс істейтін халықаралық компания. Осы уақыт ішінде ол 1 миллиардтан астам құрылғыны кең таралған киберқауіптер мен нысаналы шабуылдардан қорғады. Компания жинаған білім мен тәжірибе бүкіл әлемдегі бизнеске, аса маңызды инфрақұрылым нысандарына, мемлекеттік органдар мен жеке пайдаланушыларға арналған жаңа қорғаныс шешімдері мен қызметтерді жасауға негіз болады. Оның өнімдеріне цифрлық өмір мен жеке құрылғыларды жан-жақты қорғайтын құралдар, арнайы өнімдер мен сервистер, сондай-ақ күрделі және үнемі өзгеріп отыратын киберқауіптерге қарсы кибериммундық шешімдер кіреді. Толығырақ: www.kaspersky.ru.Обсудить
Другие статьи:
В коде каждого пятого бота есть следы использования искусственного интеллекта
30 Қазан 2026, Жұма
Әрбір бесінші боттың кодында жасанды интеллект қолданылғаны байқалады
30 Қазан 2026, Жұма
ШЫМКЕНТТЕ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР МЕН ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
30 Қазан 2026, Жұма
Похожие материалы:
Комментарии (0)






