ШЫМКЕНТ ХАЛЫҚТЫ БАСПАНАМЕН ҚАМТУДА РЕКОРДТЫҚ КӨРСЕТКІШКЕ ЖЕТТІ

Биыл Шымкентте 9 634 пәтер беру жоспарланған. Оның 4 646-сы – жалдамалы, 4 988-і – несиелік тұрғын үй. Бұл ел бойынша рекордтық көрсеткіш. Қалада соңғы жылдары тұрғын үй құрылысы қарқын алып, баспана кезегінде тұрған азаматтарды пәтермен қамту жұмысы жүйелі түрде жалғасып келеді.
Жыл басынан бері 4 144 отбасы жаңа баспаналы болды. Оның 2 386-ы несиелік бағыттағы баспанаға қол жеткізді. Олардың қатарында 1 035 көпбалалы отбасы, 120 жетім бала, халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын 647 азамат және бюджеттік мекемелердің 584 қызметкері бар. Ал жалдамалы тұрғын үймен 1 758 отбасы қамтылды. Оның ішінде 78 көпбалалы отбасы, 317 жетім бала және әлеуметтік осал топтар санатындағы 1 363 азамат бар.
Пәтер кілттерін табыстау рәсімі биыл ақпан айынан бастап қала әкімінің қатысуымен апта сайын тұрақты өткізіліп келеді. Орта есеппен әр аптада 80–100 отбасы баспаналы болуда.
Жаңа тұрғын үйлер негізінен Бозарық, Асар-2 және Тұран шағынаудандарында орналасқан. Құрылыс барысында тұрғындардың қауіпсіздігіне, қолайлы өмір сүруіне және аулалардың сапалы абаттандырылуына басымдық берілген.
Обсудить
Другие статьи:
Қазақстан Халық Кеңесі запустил проект «Халыққа жақын»
25 Қараша 2026, Сәрсенбі
Қазақстан Халық Кеңесі «Халыққа жақын» жобасын бастады
25 Қараша 2026, Сәрсенбі
ШЫМКЕНТ ХАЛЫҚТЫ БАСПАНАМЕН ҚАМТУДА РЕКОРДТЫҚ КӨРСЕТКІШКЕ ЖЕТТІ
25 Қараша 2026, Сәрсенбі
Похожие материалы:
Комментарии (0)





