«Таза Қазақстан»: жастар заңдылықты сақтауға ниетті
Шымкент университетінде «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында студент жастардың прокуратура, әкімдік және Жастар ресурстық орталығы қызметкерлерімен кездесу іс-шарасы өтті. Жиында заңдылықты сақтау, азаматтық ұстанымды қалыптастыру және түрлі құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері талқыланды.Құқық қорғау органы мен әкімдік өкілдерімен кездесуге болашақ педагогтер, заңгерлер қатысты. «Таза Қазақстан» акциясы аясында заң мен тәртіп мәселесінің көтерілуі де ерекше мәнге ие. Өйткені қалада, мекеме аумағында және өз ауласында тазалық сақтау жұмыстары адамның ой тазалығын, айналасына жанашырлықпен қарауын, көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсетуге деген ниетін де білдіреді. Прокурорлардың айтуынша, профилактикалық жұмыстардың нәтижесінде жасөспірімдер мен жастар арасындағы құқық бұзушылықтар саны өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай азайған.
– Жастарға құқық бұзушылық фактілеріне тап болса, полицияға немесе прокуратураға хабарласу қажеттігін үнемі түсіндіремін. Қазір буллинг, дропперлік, алаяқтық мәселелері жиі айтылады. Жасөспірімдер де осындай заңсыз әрекеттерге тап болып жатады. Сондықтан мұндай фактілерді жасырып қалмай, хабарлау арқылы азаматтық ұстаным таныту қажет. Қылмыстық әрекеттердің таралуына жол бермеу үшін құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру маңызды, – деді Еңбекші ауданы прокуратурасының прокуроры Нұрислам Сламбекұлы.
Кездесуде көтерілген мәселелер студенттердің қызығушылығын тудырды. Сол себепті де жиын бірден еркін пікір алмасу форматында жалғасып, жастар өз ойларын ортаға салды. Өзекті мәселелерге қатысты көзқарастарын білдірді.
Обсудить
Другие статьи:
ШЫМКЕНТТЕ ТӨРТ ЕЛДІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ СОТ ӨКІЛДЕРІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӘРІС ӨТТІ
26 Қараша 2026, Бейсенбі
На востоке Алматы разворачивается масштабная стройка, которая обещает изменить жизнь тысяч горожан.
26 Қараша 2026, Бейсенбі
Похожие материалы:
18 Қараша 2026, Сәрсенбі
Таразда колледж студенттеріне құқық бұзушылықтың алдын алу жолдары түсіндірілді
04 Тамыз 2026, Сейсенбі
Еңбекші ауданының прокуратурасы «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясындағы
28 Мамыр 2026, Бейсенбі
СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ШАРА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
02 Қараша 2025, Жексенбі
Профилактикалық рейд: жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру және тәртіп бұзушылықтардың алдын алу
16 Қантар 2025, Бейсенбі
9) «Заңды білу – заман талабы»: Шымкентте жастарға арналған дөңгелек үстел өтті
Комментарии (0)

